Алматы тағы да әлемдік цирк өнерінің орталығына айналады, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.
Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен 2026 жылы 22-26 шілде аралығында Қазақ мемлекеттік циркінде Орталық Азиядағы ең ірі мәдени іс-шаралардың бірі IV «ALMATY CIRCUS FESTIVAL» халықаралық цирк өнері фестивалі өтеді.
Бес күн бойы фестивальде әлемнің 20 елінің үздік цирк артистері бас қосады. Олардың қатарында Вьетнам, Қытай, Германия, Франция, Италия, Швейцария, Венгрия, Түркия, Эфиопия, Моңғолия, Өзбекстан, Тәжікстан, Беларусь, Ресей, Қазақстан, Украина, Армения және Саха Республикасы (Якутия), Түрікменстан өкілдері бар.
Фестиваль қонақтарын әуе гимнастикасы, акробатика, эквилибристика, жонглерлік өнер, клоунада, түпнұсқа жанр және үйретілген жануарлар қатысатын бағдарламалар күтеді. Бұл әлемнің түкпір-түкпіріндегі көрермендердің циркті сүйіп тамашалауына себеп болатын өнер түрлері.
Фестивальдің басты оқиғасы әлемге әйгілі сайқымазақ, Германия атынан өнер көрсететін Андрей Жигаловтың қойылымы айналмақ. Ол халықаралық ең айтулы цирк фестивальдерінің жоғары марапаттарының иегері және қазіргі заманның ең танымал клоундарының бірі. Оның қайталанбас шеберлігі, нәзік әзілге құрылған өнері мен сахнадағы шебер импровизациясы фестивальдің ең жарқын оқиғаларының біріне айналады.
Байқау бағдарламасы аяқталғаннан кейін де цирк мерекесі жалғасады. Тамызда көрермендер фестивальдің жеңімпаздары мен лауреаттары қатысатын арнайы гала-шоуды тамашалай алады. Бұл бағдарлама 23 тамызға дейін жалғасады.
IV «ALMATY CIRCUS FESTIVAL» халықаралық цирк өнері фестивалі – әлемдік премьералар, ұмытылмас әсерлер мен бүкіл отбасыға арналған нағыз сиқырлы атмосфера сыйлайтын бес күндік мереке. Фестиваль жаздың ең жарқын мәдени оқиғаларының біріне айналып, оқиғалық туризмді дамытуға және Алматының халықаралық мәдениет пен өнер орталығы ретіндегі мәртебесін нығайтуға үлес қосады.
Фестиваль билеттері Ticketon сайтында және Қазақ мемлекеттік циркінің кассасында сатылады.