AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Голболдан Қазақстан құрамасы алғаш рет алтын медал...

Голболдан Қазақстан құрамасы алғаш рет алтын медаль жеңіп алды

Спорт 19.12.2025, 16:53 563 dulatbekova
Голболдан Қазақстан құрамасы алғаш рет алтын медаль жеңіп алды
Сурет: Gov.kz

Жасөспірімдер арасындағы V Азия Пара ойындарында Қазақстанның голболдан ұлттық құрамасы тарихи жетістікке қол жеткізіп, алғаш рет алтын медаль иеленді, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

Аталған жарыста Қазақстан құрамасымен бірге Оңтүстік Корея, Иран, Таиланд және Сауд Арабиясының командалары бақ сынады. Турнир айналмалы жүйе бойынша өтті.

Турнирдің бастапқы кезеңінде Қазақстан құрамасы Оңтүстік Кореяға 9:10, Иран командасына 3:5 есебімен жеңілді. Кейіннен команда ойын жүйесін реттеп, тактикалық тұрғыда жинақталып, кездесулердің барысын өз пайдасына шеше білді. Нәтижесінде қазақстандық голболшылар Сауд Арабиясын 12:7, Таиландты 11:1 есебімен сенімді түрде жеңіп, плей-офф кезеңіне жолдама алды.
Жартылай финалда Қазақстан құрамасы Иран командасын 7:5 есебімен жеңіп, финалдық бәсекеде Оңтүстік Корея құрамасынан 9:6 есебімен басым түсіп, жарыстың алтын жүлдегері атанды.

Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 1-ші орын, Оңтүстік Корея 2-ші орын, Иран 3-ші орынға тұрақтады.

«Жарыс барысында барлығы алты ойын өткіздік. Спортшылар жарысқа жақсы дайындықпен келді. Мемлекет қолдауымен Алматы мен Астанада оқу-жаттығу жиындары ұйымдастырылды. Нәтижеге көңіліміз толады. Команда құрамындағы алты спортшының төртеуі үшін бұл алғашқы халықаралық жарыс болғанына қарамастан, олар өздерін жоғары деңгейде көрсете білді», — деді голболдан бас бапкер Андрей Шпехт.

Айта кетейік, жасөспірімдер арасындағы V Азия Пара ойындары 10-13 желтоқсан аралығында Дубай қаласында (БАӘ) өтті. Байрақты бәсекеге 45 елден 1 300-ден астам спортшы қатысып, 11 спорт түрі бойынша 481 медаль жиынтығы сарапқа салынды.

Аталған ойындарда Қазақстан құрамасы 9 спорт түрінен сынға түсіп, жалпы саны 68 медаль жеңіп алды. Оның ішінде 25 алтын, 23 күміс және 20 қола жүлде бар.

Бұған дейін Қазақстан жасөспірімдер арасындағы V Азия Пара ойындарында 68 медаль жеңіп алған болатын.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Голбол #Қазақстан құрамасы #Алтын медаль
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Нұраділ Әлжан Тәжікстандағы Grand Slam турнирінде қола жеңді

Бүгін 11:59

Алматыда бірнеше көшеде жарық уақытша өшеді

Бүгін 11:47

Алматыда тауда кәмелетке толмаған қыздар адасып кеткен

Бүгін 11:31

Алматылық дәрігерлер жаттығу кезінде омыртқасы сынған жасөспірімді аман алып қалды

Бүгін 11:21

Алматыда қауіпті су айдыны анықталды

Бүгін 11:02
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);