AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Гір спортынан Азия чемпионатында әскери қызметшіле...

Гір спортынан Азия чемпионатында әскери қызметшілер үш «алтын» олжалады

Спорт 18.05.2023, 14:25 2,091 Almaty-akshamy
Гір спортынан Азия чемпионатында әскери қызметшілер үш «алтын» олжалады
Сурет: Ашық дереккөз

Әскери қызметшілер кәсіби гір спортымен әскерде жүргенде айналыса бастаған


Қырғызстан астанасы Бішкекте кәсіпқойлар арасында өткен гір спортынан құрлық біріншілігінде Аягөз гарнизонының үш әскери қызметшісі чемпион атанды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Жарысқа он бес елден жүзден астам мықты спортшы қатысты. Жеті салмақ дәрежесінің үшеуінде жетістікке жеткен қазақстандықтар тамаша техника үлгісін, табандылық пен жеңіске деген мұқалмас ерік-жігер көрсетті.


68 келі салмақтағы қазақстандық гір спортшысы сержант Берік Қазрытқанов алтын жүлдемен марапатталды. 3-сыныпты сержант Тілеужан Жаңабеков 85 келі салмақта топ жарса, 95 келіден жоғары салмақта сынға түскен спортшылар арасында 3-сыныпты сержант Сұңқар Қуанышевқа тең келер қарсылас болмады.



– Жеңіске жету оңай болған жоқ. Қарсыластарымыз да осал емес-ті. Дегенмен үздіксіз жаттығулар мен осындай жарыстарға қатысу тәжірибесі бәрінен озуға көмектесті, – деп атап өтті чемпион – гір спортының шебері 3-сыныпты сержант Сұңқар Қуанышев.



Әскери қызметшілер кәсіби гір спортымен әскерде жүргенде айналыса бастаған. Қажырлы еңбектің арқасында олар қысқа уақыт ішінде «спорт шебері» атағын алып, едәуір жетістіктерге жетті.


2022 жылдың қараша айында Үндістанда өткен жарыста 3-сыныпты сержант Сұңқар Қуанышев 95 келіден астам салмақта кәсіби спортшылар арасында әлем чемпионы атанғанын айта кеткен жөн.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Гір спорт #әскери қызметші #чемпион
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда алдағы күндері ауа райы қандай болмақ?

Бүгін 10:31

Туған күнін тойламайтын Тоқаев

Бүгін 09:30

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);