AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / Германияның 13 әуежайында ереуіл басталды

Германияның 13 әуежайында ереуіл басталды

Әлем 10.03.2025, 15:15 660
Германияның 13 әуежайында ереуіл басталды
Сурет: Astanatv.kz

Германияның ең ірі әуежайларында 10 наурыз, дүйсенбі күні 24 сағаттық ескерту ереуілі басталды.

Әуежай операторларын, жерүсті қызметкерлері мен авиациялық қауіпсіздік қызметкерлерін ереуілге шығуға немістің Ver.di кәсіподағы шақырды, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Ереуіл Берлин-Бранденбург, Штутгарт, Кёльн/Бонн, Дюссельдорф, Дортмунд, Мюнхен, Гамбург, Франкфурт-на-Майне, Ганновер, Бремен және Лейпциг/Галле әуежайларын қамтыды. Веце және Карлсруэ/Баден-Баден әуежайларында тек жолаушыларды, персоналды, жүктер мен тауарларды тексерумен айналысатын авиациялық қауіпсіздік қызметкерлері ереуілге шықты.

Неміс әуежайларының ADV қауымдастығының бағалауы бойынша, Ver.di ұйымдастырған ереуіл 3400-ден астам рейстің тоқтатылуына әкеліп, шамамен 510 000 жолаушыға әсер етуі мүмкін.

Профсоюз талаптары:

• Жалақыны 8 пайызға, бірақ айына кемінде 350 еуроға арттыру

• Қиын жұмыс жағдайлары үшін үстемеақыларды көбейту

• Қызметкерлерге қосымша демалыс күндерін беру

Ver.di мәлімдемесінде бұл ереуіл шамамен 25 000 қызметкердің еңбек жағдайын жақсарту үшін қажет екені айтылған.

9 наурыз күні, жоспарланған ереуіл қарсаңында, Гамбург әуежайының жерүсті персоналы күтпеген жерден жұмысын тоқтатты. Соның салдарынан 40 000 жолаушы зардап шекті. NDR телеарнасы хабарлағандай, көптеген жолаушылар жолжүгін өткізіп қойғандықтан, оны қайтара алмаған.

Германияның әуе қозғалысын басқару қызметінің мәліметінше, әдетте елдің әуежайларында күніне 6000 рейс (ұшып-қону) және 3000 транзиттік әуе қозғалысы жүзеге асады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Германия #Ереуіл #13 әуежай
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Наурыз – бірлік пен алғыс мерекесі: Алматыда ақ халатты абзал жандарға құрмет көрсетілді

Бүгін 20:32

Ғылым мен Конституция арқылы жаңа бағыт: Алматыда Қасым-Жомарт Тоқаев не туралы айтты

Бүгін 20:28

21 наурызда Түркі әлемі халықтарының көрме-жәрмеңкесі ашылады

Бүгін 20:23

Абай университеті Ұлыс күнін тойлады

Бүгін 18:53

Алматыда «Ауыл» партиясы Наурызға орай ерекше акция ұйымдастырды

Бүгін 18:35
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика