AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Геологиялық барлау бағытына тың серпін беру қажет...

Геологиялық барлау бағытына тың серпін беру қажет - Мемлекет басшысы

Әлеумет 20.10.2023, 10:53 1,225
Геологиялық барлау  бағытына тың серпін беру қажет - Мемлекет басшысы
akorda.kz

Президент отандық геология саласының ардагерлерін қабылдады




Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің геология саласына еңбек сіңірген бір топ қайраткермен – ҚР ҰҒА академигі Серікбек Дәукеевпен, «Меридиан Петролеум» ЖШС директоры Балтабек Қуандықовпен, Қ.И. Сәтбаев атындағы Геологиялық ғылымдар институтының директоры Герой Жолтаевпен және «Минералдық ресурстар академиясы» қоғамдық бірлестігінің президенті Болат Үжкеновпен кездесті, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz 


Кездесу барысында Мемлекет басшысы геология саласы жалпы жер қойнауын пайдалану ісін қарқынды дамытудың негізі екенін және ел экономикасының маңызды құрамдас бөлшегі саналатынын атап өтті.



Президенттің пікірінше,  аталған салаға, әсіресе геологиялық барлау және жер қойнауын кешенді зерттеу бағытына тың серпін беру қажет. Сондықтан жуырдағы Жолдауда Үкіметке 2026 жылға қарай геологиялық және геофизикалық  барлау көлемін 2,2 миллион шаршы шақырымға дейін жеткізу міндеті жүктелді.




Мемлекет басшысының айтуынша, геологиялық барлау саласына шетелдік инвесторларды, сондай-ақ капитал мен заманауи технологияларды тарту мақсатында кешенді шаралар қабылданып жатыр. Бұл ретте инвестиция үшін геология саласының ашықтығы мен мемлекет мүддесі арасындағы теңгерімді сақтау маңызды.


Сонымен қатар кездесуде геология саласының өзекті мәселелері мен аталған бағытты ынталандыруға қатысты ұсыныстар талқыланды.


Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев отандық геология  саласын дамытуға елеулі үлес қосқаны үшін ардагер ғалымдарға алғыс айтты.



Телеграм арнаға жазылыңыз
#президент #геология #Ардагер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«AMANAT» партиясы экологиялық акция аясында 300-ден астам алматылық жасты біріктірді

Кеше 17:42

Алматыда Балаларды қорғау күніне арналған BALA FEST – 2026 фестивалі өтеді

Кеше 17:38

1 маусымда Алматыда балаларға арналған қандай іс-шаралар өтеді?

Кеше 17:36

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды ҚКП ОК Саяси бюросының мүшесі Чэнь Вэньцинмен кездесті

Кеше 17:33

Алматыдан Еуропаға: Варшаваға тікелей әуе рейсі ашылады

Кеше 17:31
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);