AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Газ тарифі төмендеді ме?

Газ тарифі төмендеді ме?

Әлеумет 15.03.2023, 14:23 913
Газ тарифі төмендеді ме?
Сурет: ашық дереккөз

Алматы іргесіндегі елді мекен тұрғындарының шағымынан кейін газ тарифі төмендеді, - деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz  Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.


Бұған дейін, Алматы облысының Қарасай ауданы тұрғындарының тауарлық газға бөлшек саудада өткізудің жоғары бағалары қатысты «Сигма-ГАЗ» ЖШС-ның іс-әрекеттеріне шағымдары аясында, ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті 2021 жылғы 1 қыркүйектен бастап 2023 жылғы 17 қаңтарға дейінгі кезеңде аталған субъектінің қызметіне жоспардан тыс тексеру жүргізгені хабарланған болатын.



«Аталған тексеріс барысында, ТМРКД тауарлық газды тасымалдау бойынша тарифтердің негізділігін, сондай-ақ тұтынушылар үшін тауарлық газды сатуға арналған бөлшек бағалардың баға белгілеу тәртібінің сақталуын тексерді. Анықталған бұзушылықтардың нәтижелері бойынша, ТМРКД «Сигма-ГАЗ» ЖШС-на жалпы сомасы 2 млн.теңгеден астам айыппұл салды, сондай-ақ газбен жабдықтау қызметтерінің тарифтері мен бағаларын қайта қарау үшін уәкілетті органға өтінімдермен жүгінуге ұсыныс берді», - делінген хабарламада.



Осылайша, биыл ақпанда «Сигма-ГАЗ» ЖШС ТМРКД-ға газ тасымалдау тарифін және тауарлық газдың бөлшек сауда бағасын қайта қарауға өтінімдер ұсынды, олар бойынша наурыздың басында барлық мүдделі тұлғалардың, оның ішінде тұтынушылардың қатысуымен жария тыңдаулар өткізілді.



««Сигма-ГАЗ» ЖШС-ның өтінімдердегі шығындарының баптарын мұқият талдау нәтижесінде, Алматы облысы бойынша ТМРКД 2023 жылғы 10 наурызда тауарлық газды газ тарату құбырлары арқылы тасымалдауға арналған тарифті немесе 57,04 пайызға төмендетті. Сондай-ақ, 2023 жылғы 10 наурыздағы ТМРКД-ның дәлелді қорытындысымен жабдықтау үстемесі және негізделген шекті баға 2023 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізіле отырып, 28 945,22 теңге (ҚҚС-пен) мөлшерінде, оның ішінде тұтынушылар топтары бойынша бекітілді:


- тұрмыстық тұтынушылар (халық) - 34 755,5-ден 28 945,22-ге дейін, төмендеу 16,7 пайызды немесе 5 810,28 теңгені құрады;


– басқа заңды тұлғалар мен бюджеттік ұйымдар-34 755,5-ден 32 106,15-ге дейін, төмендеу 7,6 пайызды немесе 2 649,35 теңгені құрады;


– мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек және (немесе) тұрғын үй көмегін алатын тұрмыстық тұтынушылар (халық) - 34 755,5-ден 23 156,18-ге дейін, төмендеу 33,37 пайызды немесе 11 599,32 теңгені құрады", - делінген хабарламада.



ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитеті табиғи монополиялар субъектілері мен қоғамдық маңызы бар нарықтардың тарифтері мен бағаларын қалыптастырудың ашықтығы мен айқындығын қосымша атап өтетінін, олардың бекітілуі ерекше бақылауда екенін мәлімдеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#газ #тариф #елдімекен
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жексенбіде еліміздің басты қалаларында ауа райы қандай?

Бүгін 11:04

Ақмола облысында бұрынғы сыныптасына пышақпен шабуыл жасаған күдікті ұсталды

Бүгін 10:30

Блогер Руслан Жанпейісов 4 тәулікке қамауға алынды

Бүгін 09:41

Көлсайда тұрақта тұрған автокөлік өздігінен орнынан қозғалып, еңіске сырғып кеткен

Бүгін 09:22

Келешек мектептерінің оқушылары «Таза Қазақстан» акциясына қатысты

Кеше 18:29
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика