AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Газ жабдықтары талапқа сай ма?

Газ жабдықтары талапқа сай ма?

Әлеумет 14.10.2024, 16:05 1,065
Газ жабдықтары талапқа сай ма?
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Өткен аптада «QazaqGaz Aimaq» АҚ Алматы өндірістік филиалы Алматы қаласы Медеу ауданының Төтенше жағдайлар басқармасы қызметкерлерімен бірлесіп, жылыту маусымына байланысты жеке сектордағы үйлердегі газ жабдықтарының қысқа дайындығын тексеру бойынша арнайы рейд жүргізді.

«QazaqGaz Aimaq» АҚ Алматы өндірістік филиалы Өндірістік-техникалық бөлімінің басшысы Айбек Қасымовтың айтуынша, бүгінге дейін күзгі-қысқы кезеңге дайындық жоспары 100% орындалған.

– Алматының газ тұтыну бағытындағы жұмыстары «QazaqGaz Aimaq» АҚ-ның Алматы өндірістік филиалының ерекше бақылауында. Қысқы маусымға 100% дайынбыз. «Сақтықта қорлық жоқ» деген. Бүгін сала мамандары төтеншеліктермен бірігіп, тағы бір мәрте тексеру жұмыстарын жүргізбекпіз. Басты мақсатымыз – жылыту маусымының басталуына байланысты жеке сектордағы үйлердің газ құбырлары мен жабдықтарын тексеру, көгілдір отынды тұрмыста қауіпсіз пайдалану, жазатайым оқиғалардың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуді күшейттік. Тексеру барысында қандай да бір ақауды байқайтын болсақ, оны арнайы мамандар сол жерде қалпына келтіріп береді. Бірінші кезекте әлеуметтік осал топ санатына жататын тұрғындардың үйлеріне көңіл бөлінген. Бұл іс-шаралар кешені тұтынушыларға газбен қауіпсіз жұмыс істеу ережелерін тағы бір рет еске салу үшін өткізіледі, - дейді бөлім басшысы Айбек Өмірзақұлы.

Сала мамандарынан құралған арнайы топ рейд барысында газ желілері мен аспаптардың жай-күйіне, оларға техникалық қызмет көрсету сапасына назар аударды. Айта кеткен жөн, Медеу ауданында тұрмысы күнкөріс деңгейінен төмен отбасылар көп. Аудан әкімдігі олардың барлығын ерекше бақылауға алған. Жылыту маусымы басталғанда олардың үйлеріндегі қауіпсіздік шаралары жіті тексеріледі. Мәселен, рейд кезінде Потанин көшесі, 18 мекенжайында орналасқан үйдің жылыту жабдығына келетін құбырдан газ шығып тұрғанын анықтаған мамандар ақауды сол жерде жөндеп берді. 

 – Жылыту маусымы басталар алдында адамдардың улы газдан уланып қалуы, тұрғын үй секторында пештерді дұрыс пайдаланбау фактілері ерекше алаңдаушылық тудырады. Сондықтан бүгін халыққа өрт қауіпсіздігі талаптарын түсіндіру бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізіп жатырмыз. Іс-шараларды өткізу барысында тұрғындармен пештерді дұрыс пайдалану бойынша түсіндіру жұмыстарын өткіздік, ақаулар анықталған жағдайда, иелеріне оларды жою бойынша ұсыныстар берудеміз. Өртке қарсы тақырыпта жадынамалар табыстап жатырмыз, әлеуметтік осал топтар – жалғызбасты қариялар, көпбалалы отбасылар ерекше бақылауымызда, - дейді Медеу ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің инженері, азаматты қорғау лейтенанты Алишер Гиззатов.

 

Айта кетейік, «QazaqGaz Aimaq» АҚ Алматы өндірістік филиалы қала бойынша 4800 шақырым газ құбыры мен құбыр бойындағы нысандардың қалыпты жұмыс істеуіне жауапты.

Сала мамандарының айтуларынша, мұндай рейдтік іс-шаралар жылыту маусымы аяқталғанға дейін белсенді түрде жүргізіледі. Әрине, жұмыс өте ауқымды. Десек те, абоненттерге түсіндіру жұмыстарын жүргізе отырып, жадынама тарату арқылы газ тұтынуды қауіпсіз етуге көмектеседі.

 

Тексеру жұмысы аяқталар сәтте мамандар тұрғындардың қауіпсіздік ережелеріне салғырт қарамауына кеңес береді.  

 

 

 

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#газ #жабдықтар #Талап
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық Аралды құтқару қоры құрылтайшы мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысын өткізді

Кеше 20:42

Бұралқы иттер мәселесі: қазақстан аулау, стерильдеу, вакцинациялау және босатудан неге бас тартқалы отыр?

Кеше 20:37

Бұтақтыда экологиялық акция өтті: алматылық жастар «Бұлақ көрсең, көзін аш» акциясына қатысты

Кеше 20:31

Мемлекет басшысы: «Жер шарын қорғау – ортақ міндетіміз. Бүгінгі саммит бізге осыны көрсетеді»

Кеше 18:16

Алматыда ушу-саньдадан Қазақстан чемпионаты басталды

Кеше 18:10
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика