Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Ганди атындағы саябақ «Халық қатысатын бюджет» аяс...

Ганди атындағы саябақ «Халық қатысатын бюджет» аясында абаттандырылды

Әлеумет 02.11.2023, 11:52 995
Ганди атындағы саябақ «Халық қатысатын бюджет» аясында абаттандырылды
Суретті түсірген - Д.Исаев

Ерболат Досаев «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында жүргізілген Ганди атындағы саябақты абаттандыруды тексерді, дер хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Алматы әкімі Ерболат Досаев Алмалы ауданын аралау барысында Ганди атындағы саябаққа ат басын бұрды. Қала басшысы «Халық қатысатын бюджет» аясында қолға алынған саябақтағы абаттандыру жұмысының барысын қадағалады.


Жамбыл – Жароков – Шевченко – Гагарин көшелерінің аумағындағы жақын маңдағы үйлердің тұрғындары жарықты реттеу, жол төсемін қалпына келтіру және ойын алаңдарын ретке келтіру туралы бастама көтерді. Олар үшін Ганди саябағы бос уақыт өткізуге, демалуға таптырмас басты орын. Саябаққа күн сайын 2 мыңнан астам адам келеді. Ойын алаңдары мен воркаутты жаңарту, демалыс аймақтарын, саябақта жүгіру жолдарын жасау жөніндегі ұсыныстарды «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасында дауыс беру кезеңінде қала тұрғындары белсенді қолдады.


Саябаққа барған кезде Алмалы ауданының әкімі Айдар Жақыбаев қала басшысына жұмыстың үш бағытта жүргізілгені туралы баяндады. 80%-ға саябақта көгалдандыру бойынша міндеттер орындалды, кабельдік желінің және жарықтандыру тіректерінің зақымдануын ауыстыру аяқталып келеді. Абаттандыру жұмыстарының дайындығы 90%: саябақта әткеншегі бар 17 пергола, жарық тартылған 6 беседка, 3 шахмат үстелі, 5 ауыз су бұрқағы орнатылған. Сонымен қатар, аудан әкімінің айтуынша, тұрғындарға ыңғайлы болу үшін иттерді серуендетуге арналған аймақ ірі және кіші тұқым үшін бөлініп жасалды. Саябақтағы жұмысты осы жылдың 15 қарашасында толық аяқтау жоспарланып отыр, нысанға 90 адам жұмылдырылды. 


Саябақты аралау барысында аудан тұрғындары Алматы әкіміне кішкентай балаларға арналған балалар алаңын бейімдеу туралы өтініш білдірді. Барлығы биік, ата-аналар балаларының қауіпсіздігіне алаңдайды. «Біздің әртүрлі жастағы балаларды біріктірген тәжірибеміз бар. Аймақтарды бөлу қажет», - деді Ерболат Досаев. Қала басшысы аудан әкіміне осы мәселені пысықтауды тапсырды. Сонымен бірге, Ерболат Досаев саябаққа келушілер үшін ыңғайлы соқпақтарды қарастыру қажеттігіне назар аударды. 


Қалада тұрғындардың демалысы үшін ашылған тағы бір жобаны Алматы әкімі жұмыс сапары кезінде аралады. Әуезов ауданындағы Жандосов көшесінің оңтүстігінде және Сүлейменов көшесінің шығысында жаяу серуендеу аймағын абаттандыру аяқталды. Жоба «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында жүзеге асырылды. Бүкіл аумақ жарықтандырылып, жасыл желектерді автоматты суару жүйесі орнатылды. 


Анықтама үшін: Ендігі кезекте Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметова ескерткіші бар скверлер, Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының және Ғ. Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрының жанындағы субұрқақты реконструкциялау күтіп тұр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Ганди #саябақ
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды азаматтарды жеке мәселесі бойынша қабылдады

Кеше 17:46

«Дос-Мұқасан» алғашқылардың бірі болып қол қойды: Алматыда Гиннес рекордына ресми старт берілді

Кеше 17:26

ҚСЗИ-де жас сарапшылар жаңа Конституцияның негізгі жаңашылдықтарын талқылады

Кеше 17:19

Еңбек ұжымы жаңа Конституцияны қолдады

Кеше 17:12

Алматы бизнес қауымдастығы референдумды қолдады

Кеше 16:59
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі