ffin.kz

Ғалымжан КЕРІМБЕК, экономика ғылымының кандидаты: Экономикалық реформалар жалғасады

Ғалымжан КЕРІМБЕК, экономика ғылымының кандидаты: Экономикалық реформалар жалғасады twitter.com


                      


Өткен жыл Қазақстан үшін оңай болмағаны рас. Елімізде бұрын-соңды болмаған ішкі саяси сын-қатерлер, экстремалды экономикалық және күрделі сыртқы саяси жағдайлар орын алды. Өткен жыл барлық қазақстандықтар үшін тың өзгерістерге дайындықтың өзіндік сынағы және жаңартылған Қазақстанның символдық басталуы болды. Сонымен қатар, біз бірлікке бекем ел екенімізді, саналы түрде таңдау жасай алатынымызды, өз егемендігіміз бен тәуелсіздігімізді қорғауға, әділ қоғам құруға және трансформация жолында алға жылжуға дайын екенімізді дәлелдей түстік. 20 қарашадағы сайлауда халық Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін» атты реформалық бағдарламасын қолдай отырып, сенім білдірді.


Экономиканы басқару жүйесін жаңғырту жалғастырылуда, экономикада мемлекет меншігінен алу және бірқатар функцияларды бәсекелестік ортаға беру бойынша бұрын жарияланған курс қайта жүзеге асырылды. «ҚазМұнайГаз» ҰК IPO нарығына шығуы, бизнесті жүргізу жағдайларын жеңілдету және әкімшілік кедергілерді азайту шаралары іске асырылуда. Халықты әлеуметтік қолдауды күшейту бойынша шаралар белсенді жүзеге асырылды. Халықты атаулы әлеуметтік көмекпен қамтуды ұлғайту (аталған көмекті алушылардың саны 750 мың адам, ал оның жалпы көлемі 60 млрд. теңге) денсаулық сақтау және білім беру саласындағы қаржыландыру сомалары да өсті.


Экономиканы әртараптандыру, бәсекелестікті дамыту және монополиясыздандыру бойынша маңызды реформалар тәжірибелік іске асыру кезеңіне өтті. Осы реформалар аясында, Қазақстанға шикізаттық емес секторды дамыту үшін бірнеше шетелдік компаниялар тартылды. 



Мемлекет басшысы реформалардың негізгі бағыттарын, оның ішінде тарифтік реттеу ауқымын төмендетуді, салық пен бюджет саясатының тиімділігін арттыруды, сондай-ақ экономиканың өндірістік секторына банктік несие беруді ынталандыру мақсатында ақша-несиелік реттеуді белгіледі. Түбегейлі өзгерістер саяси институттар, орталық және аймақтар арасындағы өкілеттіктердің бөлінуіне, өкілді билікті қалыптастыру қағидаттарына, экономикалық қатынастарға әсер етті. Президенттің Жолдауымен және конституциялық түзетулердің қабылдануымен референдумда елдің ауқымды құрылымдық саяси жаңғыруы іске қосылды.



Саяси реформалар экономиканы жаңғыртуға және әл-ауқатты арттыруға мүмкіндік беретін жаңа экономикалық саясатты іске асырудың берік негізін қалады және біздің еліміз үшін алдағы онжылдықтардағы өзгерістердің бастамасы болды. Еліміздің қоғамдық-саяси өмірінде әлі де көп нәрсені өзгерту керек. Ол үшін азаматтық қоғамның және бизнестің белсенді араласып қатысуы қажет. Азамат, қоғам, бизнес пен мемлекет арасындағы тұрақты қарым қатынастар және ашық диалог орын алған жағдайда ғана нәтижелі шешімдерге қол жеткізуге болады.


Президент Қ.Тоқаевтың реформалық бағытына сәйкес, 2023 жылы біз бірқатар экономикалық реформаларды жүзеге асыруымыз қажет. Ал енді, әрине, экономиканы басқарудың іс жүзінде табысты жұмыс істеуі нақты реттелген тетіктерді қажет етеді және нәтижелі жұмыс істеп тұрған институттардың тиімділігіне байланысты екені рас.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

21:49

19:02

18:44

18:21

18:04

17:49

17:33

16:55

16:55

16:37

16:15

16:07

15:58

15:19

15:05

14:30

14:22

14:14

13:35

13:10

12:49

12:43

12:32

12:21

12:04