AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Ғалымдар қызанақтан COVID-19-ға қарсы вакцина жаса...

Ғалымдар қызанақтан COVID-19-ға қарсы вакцина жасап шығарды

Медицина 09.01.2024, 05:31 1,027
Ғалымдар қызанақтан COVID-19-ға қарсы вакцина жасап шығарды
Сурет: ашық дереккөз

Өзбекстан ғалымдары коронавирус инфекциясына қарсы алғаш рет қызанақ өсімдігінен тікелей тұтынуға болатын генетикалық векторлар мен қызанақ өсімдігіне негізделген COVID-19 жаңа буындағы вакцина жасады, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz frontiersin.org сайтына сілтеме жасап. 



Ғалымдар коронавирустың S1 антиген ақуызын кодтайтын ген фрагментін арнайы векторларға орналастырып, оны қызанақ жасушасының геномына енгізді. Бұл жасушалардан S1 антиген ақуызын үнемі өндіретін қызанақ өсімдігі алынды. Осындай өсімдіктен алынған қызанақ жемісі 0,77 мкг/г мөлшерінде тұрақты S1 антиген ақуызын синтездейтіні көрсетілді және TOMAVAC вакцинасы ретінде таңдалды.


Белгіленген TOMAVAC вакцинасы тышқандар мен ерікті адамдарға сыналғанда, сарысуда (IgG) және ішекте бейтараптандыратын антиденелердің (IgA) жоғары деңгейін шығаратынын көрсетті.


Эксперимент нәтижесінде тышқандар мен еріктілерде жағымсыз жанама әсерлер байқалмаған.


Бұл зерттеу TOMAVAC екі фазалы (ішек шырышты қабаты және қан арқылы өтетін) қорғанысты қамтамасыз ететін қауіпсіз вакцина екенін көрсетті және ол ғылыми қауымдастыққа алғашқы тікелей тұтынуға арналған COVID-19 вакцинасы ретінде ұсынылды.


Маңыздысы, құрылған векторлық жүйе мен тәжірибе негізінде, қажет болған жағдайда, қысқа мерзімде мемлекетте әртүрлі инфекцияларға қарсы вакциналарды жасап, енгізу мүмкіндігі және мамандардың жаңа буыны қалыптасты.


Вакцина бойынша зерттеулер «Frontiers in Nutritional Immunology» (IF=5.0) беделді шетелдік журналында жарық көрді және тышқандар мен ерікті адамдарда жүргізілген иммуногендік, биоқауіпсіздік сынақтар нәтижелері жарияланды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#вакцина #ғалым #инфекция
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Наурызға арналған мерекелік жеңілдіктер: Алматыда «Nauryz Sale» науқаны өтіп жатыр

Бүгін 09:35

Алматыдағы этномәдени бірлестіктің өкілдері қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады

Бүгін 09:28

Қазақстан әйелдері зейнетке неше жаста шығады?

Бүгін 09:16

Әлемдегі ең әдемі ту

Бүгін 08:49

Жел, тұман: 17 наурыздағы ауа райы мәліметі

Бүгін 08:40
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика