ffin.kz

Ғалымдар көптеген аурулардан қорғайтын азық-түлік өнімін атады

Ғалымдар көптеген аурулардан қорғайтын азық-түлік өнімін атады Сурет: Market.yandex.ru

Америкалық медицина қызметкерлері зәйтүн майы түрлі аурулардан болатын өлім қаупін төмендетінін анықтады.


Амеркалық ғалымдар жүргізген зерттеу нәтижелеріне сәйкес, зәйтүн майын тұрақты тұтыну обырдан, жүрек-қан тамырлары аурулары, нейродегенеративті және респираторлық аурулардан болатын өлім қаупін азайтуға әкеледі. Бұл ғылыми мақала Journal of the American College of Cardiology журналында жарияланған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.


Т.Х.Чан атындағы Гарвардтағы қоғамдық денсаулық сақтау мектебінің дәрігері Марта Гуаш-Ферре бастаған америкалық ғалымдар 60 мыңнан астам әйел мен 32 мыңға жуық ер адамға жүргізілген көп жылдық бақылау деректерін сараптаған. Бұл зерттеулер басталған 1990 жылы бұл топтағы адамдарда жүрек-қан тамырлары немесе рак ауруы болмаған.


Мұндай сараптамаға АҚШ-та 1970 жылдардың ортасынан бастап жүргізілген көптеген факторларға толы перспективалық екі зерттеу - Nurses’ Health Study және Health Professionals Follow-up Study негіз болған. Авторлар соңғы 28 жыл бойы толтырылған сауалнамаларды алған. Әрбір төрт жыл сайын толтырылған сауалнамада қатысушылар өздері тұтынған азық-түліктерлің орташа мөлшерін, жекелей алғанда, тамақ әзірлеуде немесе оны тікелей асқа қосқан майлардың белгілі бір түрлерін белгілеп көрсетіп жүрген.


28 жылда зерттеуге қатысқандардың 36 856-сы қайтыс болған. Талдау нәтижелері көрсеткендей, зәйтүн майын тұрақты түрде тұтынған (күніне бір ас қасықтан көбірек) адамдарда жүрек-қан тамырлары ауруларынан болатын өлім көрсеткіші зәйтүн майын мүлде қолданбағандармен салыстырғанда 19%-ға аз болып шыққан. Ал обыр ауруынан болатын өлім қаупі 17, нейродегенеративті аурулардан болатын қауіп – 29, респираторлық аурулардан болатын өлім қаупі 18%-ға төмен екенін көрсеткен.


Зәйтүн майын тұтыну деңгейін үш пункт бойынша есептеген: салатты араластыру үшін қолданылатын зәйтүн майы, тамаққа немесе нанға қосылатын зәйтүн майы және тамақ әзірлеу үшін қолданылатын зәйтүн майының мөлшері. Тамақ әзірлеуде қолданылған басқа өсімдік майларының тұтыну мөлшерін зерттеуге қатысушылардың майдың түрі мен маркасына қарай хабарлаған ақпараттарының негізінде есептелген. Бір қызығы, уақыт өте келе, барлық топтарда зәйтүн майын тұтыну 1990 жылы орта есеппен күніне 1,6 грамм болса, 2010 жылы шамамен төрт грамға жеткен.  


Зерттеу маргарин, өсімдік майы, майонез және сүт майы сияқты басқа майлардың күніне 10 грамын зәйтүн майымен ауыстыру түрлі себептермен болатын өлім қаупін 8-34 пайызға дейін төмендететінін көрсеткен.



 «Біздің нәтижелеріміз зәйтүн майы мен басқа да қанықпаған өсімдік майларын тұтынуды арттыру бойынша қазіргі диеталық ұсыныстарды қолдайды», - деді Марта Гуаш. – Біздің зерттеуіміз науқастардың түсінуі мен өз рациондарына енгізуге жеңіл әрі нақтыланған ұсыныстар қалыптасыруға көмектеседі. Дәрігерлер пациенттерге денсаулықтарын жақсарту маргарин мен сары май сияқты кейбір майларды зәйтүн майымен ауыстыруға кеңес беруі керек». 



Авторлар олардың қорытындылары бақылау зерттеулеріне негізделгенін және зәйтүн майын тұтыну мен өлімнің төмендеуі арасындағы тікелей себептік байланысты білдірмейтінін атап өтеді. Әдетте, зәйтүн майын ұнататындар тобына өз денсаулығына көбірек көңіл бөлетін, темекіні аз шегетін және жеміс-жидек пен көкөністі көп жейтіндер кіреді.



«Зәйтүн майын көбірек тұтыну салауатты тамақтанудың және жоғары әлеуметтік-экономикалық мәртебенің белгісі болуы мүмкін. Дегенмен, осы және басқа да әлеуметтік-экономикалық факторларды реттегеннен кейін де біздің нәтижелер өзгеріссіз қалды», - деп атап көрсетеді ғалым.



 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

21:49

19:02

18:44

18:21

18:04

17:49

17:33

16:55

16:55

16:37

16:15

16:07

15:58

15:19

15:05

14:30

14:22

14:14

13:35

13:10

12:49

12:43

12:32

12:21

12:04