AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Ғалымдар әлемдік ғылыми орталықтан тағылымдамадан...

Ғалымдар әлемдік ғылыми орталықтан тағылымдамадан өтуге мүмкіндік алды

Білім және ғылым 12.04.2023, 13:42 1,212 Almaty-akshamy.kz. 
Ғалымдар  әлемдік ғылыми орталықтан тағылымдамадан өтуге мүмкіндік алды
Сурет: ашық дереккөз

Осы жылдың 28 наурызында Қазақстан Республикасында жоғары білімді және ғылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы бекітілген болатын. Қазіргі уақытта оны іске асырудың тетіктері қарастырылып жатыр, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz. 


Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру шеңберінде 2022 жылдан бастап: «Жас ғалым» жобасы бойынша жыл сайын 1000 грант бөлу көзделіп отыр. Сонымен қатар, 500 ғалымның әлемнің жетекші ғылыми орталықтарында жыл сайын тағылымдамадан өтуіне мүмкіндік жасау жоспарлануда. Ең бастысы, жетекші ғалымдардың еңбегіне ақы төлеуді базалық қаржыландыруға 85 ғылыми-зерттеу институтын енгізілмек. Ғалымдар үшін ең керектісі жабдық екенін ескерсек, 16 ғылыми ұйымның жабдықтары қайта жаңғыртылған. 2021-2023 жылдары республикалық бюджеттен ғылымды қаржыландыру екі есеге жуық өскен. Мәселен, 2020 жылы 89,0 млрд. теңге бөлінсе, 2021 жылы ғылымға бөлінген қаржы 109 млрд. теңгеге жеткен. 2023-2025 жылдарға арналған ғылым бюджеті 3,5 есеге ұлғайған.  


Ғалымдардың мүмкіншіліктерінің бірі - грант. Бүгінгі таңда бөлінетін гранттар есебінен ғалымдардың орташа жалақысы 2 есеге өскен.  2022 жылдан бастап ҒЗИ-нің 700 жетекші ғалымы базалық қаржыландыру шеңберінде жалақымен қамтамасыз етілсе, іргелі зерттеулермен айналысатын жетекші ғалымдарымыз гранттық конкурстарға қарамастан, тұрақты қаржыландыруды алатын болады.


Қазақстан Республикасында жоғары білімді және ғылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы ұлттық деңгейдегі қолданбалы мәселелерді шешу үшін ғалымдарды тартуға бағытталған. Бағдарлама негізінен ғалымдар санының бір жарым есеге артыру, елдің ғылыми экожүйесін жаңғырту, ғылымның нақты секторлық проблемаларын шешу, бюрократизация, цифрландыру, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» аясындағы жұмыс арқылы ғылымды әкімшілендіру сапасын жақсартылатын болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#жас ғалымдар #әлемдік орталық #тұжырымдама
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Кеше 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);