AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / Ғалымбек Қаратүрік Үндістанда өткен кинофестивальд...

Ғалымбек Қаратүрік Үндістанда өткен кинофестивальде жеңіске жетті

Мәдениет 16.05.2024, 19:38 1,329
Ғалымбек Қаратүрік Үндістанда өткен кинофестивальде жеңіске жетті
Ғалымбек Қаратүріктің жеке мұрағатынан

«Nomad Stunts» қазақстандық командасының каскадері Ғалымбек Қаратүрік Үндістандағы кинофестивальде бірінші орынды иеленді, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz.

Үндістанда өтіп жатқан «Атвикваруни» халықаралық байқауына әлемнің түкпір-түкпірінен 240-тан астам кино қатысты. Ал осыншама фильм арасынан отандасымыздың лентасы «үздік шетелдік фильм» номинациясы бойынша жеңімпаз атанды.

Кинофестивальде ұсынылған Картина Ғалымбек Қаратүріктің нағыз туындысы. Ол түсірілген фильмнің режиссері әрі рөлдердің бірінде ойнады. Осылайша каскадердің нағыз шеберлігін көпшілікке паш етті. 

Ол қазір еліміздегі Ұлттық өнер университетінің студенттеріне өзінің бай тәжірибесімен бөлісуде. Ол жақын арада бірнеше қысқаметражды және толықметражды фильмдер шығаруды жоспарлап отыр.

«Кәсіби деңгейімді тексеру, сондай-ақ оны одан әрі дамыта түсу мақсатында халықаралық кинофестивальге қатыстым. Мен үшін бұл сәтті жоба болды деп айта аламын. Фильм туралы айтатын болсақ, әр халықтың «күңгірт жарық» философиясы бар», - дейді Ғалымбек Қаратүрік.

Оның пікірінше, біздің халқымыздың философиясы табиғатпен етене байланысып жатуында екенін фильмнің сценарий авторы және режиссері ретінде айтып өтті.

«Бұл картинаға мен 7 жыл бойы жұмыс істеп келе жатқан «Nomad Stunts» халықаралық жобасының каскадерлері де қатысты», - деп атап өтті Ғалымбек Қаратүрік.

Айта кету керек, қазақстандық каскадерлік топ әлемдегі ең үздіктердің бірі болып танылды. «Томирис» фильміндегі трюктері үшін «Nomad Stunts» «Таурус» сыйлығына ие болды. Бұл беделді марапат каскадерлік «Оскар» деп аталады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#фильм #Кинофестиваль #режиссер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда көпбалалы әскери қызметшінің отбасында дүниеге үшем келді

Бүгін 21:37

Алматыда «Әділет» партиясының кандидаттары Жетісу ауданының жастарымен кездесті

Бүгін 21:26

Алматы қаласы мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

Бүгін 20:50

Паралимпиадалық орталық пен медициналық кешен: Алматы әкімі жаңа нысандардың жобаларын қарады

Бүгін 19:21

Almaty SuperSki жобасы аясында ғылыми зертхана салынады

Бүгін 19:15
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);