AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Футболдан Ұлттар лигасында бүгін Әзірбайжан - Қаза...

Футболдан Ұлттар лигасында бүгін Әзірбайжан - Қазақстан кездесуі өтеді

Спорт 25.09.2022, 11:55 1,480
Футболдан Ұлттар лигасында бүгін Әзірбайжан - Қазақстан кездесуі өтеді
Сурет: Tolqyn.kz

Футболдан UEFA Ұлттар лигасы алтыншы турында Қазақстан сырт алаңда Әзірбайжанмен кездеседі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап.


Аталған кездесу елорда уақытымен 22:00-де басталып, «Qazsport» телеарналарынан тікелей эфирде көрсетіледі.


Турнир кестесінде Қазақстан құрамасы 13 ұпаймен көш басында тұрса, 7 ұпай еншілеген Словакия екінші орында келеді.


Қазақстандық футболшылар бұған дейін елордада Әзербайжанды 2:0, Словакияны сырт алаңда 1:0, өз алаңында 2:1 есебімен тізе бүктірді.


Ал Беларусьпен сырт алаңда 1:1 есебімен тең түссе, елордада 2:1 есебімен басым түсті. Нәтижесінде бір тур бұрын В дивизионына жолдамаға қол жеткізді. Оған қоса 2024 жылғы Еуропа чемпионаты финалдық сатысына берілеті жолдаманы сарапқа салуға мүмкіндік алды.


Екі құрама бұған дейін 7 мәрте шеберлік байқасты. Оның төртеуінде қазақстандық футболшылар жеңіске жетсе, екеуінде кездесу тең аяқталып, біреуінде әзербайжандық құрама басым түсті.


Аталған кездесуде германиялық Харм Осмерс бас төреші қызметін атқарады. Оған отандастары Доминик Шааль мен Беньямин Бранд көмекшілік жасайды. Қосалқы төреші де сол елдің өкілі Роберт Кемптер.


Сондай-ақ, бүгін аталған топта Словакия мен Беларусь құрамалары өзара шеберлік байқасады.



Телеграм арнаға жазылыңыз
#футбол #ұлттар лигасы #Қазақстан құрамасы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);