Freedom
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Фристайлдан әлем кубогының финалдық кезеңі Алматыд...

Фристайлдан әлем кубогының финалдық кезеңі Алматыда өтеді

Спорт 24.11.2022, 04:54 1,448
Фристайлдан әлем кубогының финалдық кезеңі Алматыда өтеді
Сурет: Skisport.kz

17-19 наурыз күндері могул және шаңғы акробатикасы бойынша әлем кубогінің финалдық кезеңі «Шымбұлақ» тау-шаңғы курортында өтеді.


Алматыдағы әлем кубогы кезеңіне дайындық жұмыстарының қалай өтіп жатқанын «Шымбұлақ» тау шаңғысы курортының коммерциялық директоры Владислав Семенов түсіндірді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.



«Финал Алматыда өтеді. Мықтылардың бәрі осында бас қосады. Медальдар ойнатылып, алтын глобус табысталады. Біздің команданың фристайлдан өте мықты екенін білесіздер, спортшыларымыз жүлделі орындарға ие болады деп үміттенеміз»,- дейді ол.



«Шымбұлақ» тау шаңғысы курортының директоры Ринат Әбдірахмановтың сөзінше, могул жарысы жаңа трассада өтеді.



«Осы жазда біз көп жұмыс атқардық. Үш шақырымнан астам жолға жасанды қар жүйесін қосып, жолды ұзарттық. Желтоқсан айында біз «Сухой Лог» трассасын іске қосуды жоспарлап отырмыз, онда осы маусымда параллельді және жеке могул бойынша әлем кубогының финалдық кезеңі өтеді, бұл бізге ұлттық құрама үшін Артеменко трассасын ашуға мүмкіндік береді. Қазір біз әртүрлі елдердің құрамаларымен алтыдан астам кездесу өткіздік, олар 11 желтоқсаннан бастап бізде, оқу-жаттығу жиындарын өткізе бастайды», - деді ол.



Айтуынша, трассаны жарысқа дайындау қаңтар айында басталады.



«Қазіргі уақытта 2023 жылдың желтоқсанында шаңғы акробатикасынан әлем кубогының бірінші кезеңін өткізуге қатысты FIS-пен келіссөздер жүргізіліп жатыр»,- деді Ринат Әбдірахманов.



Еске салайық, былтыр Қазақстанда тұңғыш рет фристайлдан әлем чемпионаты өтті, оның қорытындысы бойынша біздің спортшылар үш медаль жеңіп алды. 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Фристайл #Әлем кубогі #финалдық кезең
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алмат Амангелді: «Қуыршақ театры – ең нәзік, ең тылсым өнердің бірі»

Бүгін 17:24

Алматы – жаһандық туризмнің орталығында: KITF 2026 көрмесі басталды

Бүгін 17:18

Тағы 16 тас жолда орташа жылдамдық үшін айыппұл енгізіледі

Бүгін 17:14

Алматыда сирек кездесетін патологиясы бар балаларға бірегей операциялар жасалды

Бүгін 16:48

Қасым-Жомарт Тоқаев Михаил Кавелашвилимен кездесті

Бүгін 16:44
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика