AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / FlyArystan «Үміт» әлеуметтік жобасы аясында «Терри...

FlyArystan «Үміт» әлеуметтік жобасы аясында «Территория успеха» ұйымына қолдау көрсетті

Барлығы 09.06.2025, 13:49 5,236
FlyArystan «Үміт» әлеуметтік жобасы аясында «Территория успеха» ұйымына қолдау көрсетті
Сурет: FlyArystan

Қазақстандық лоукостер FlyArystan ата-ана қамқорлығынсыз қалған ерекше қажеттіліктері бар балаларға жан-жақты оңалту көмегін көрсетуге бағытталған «Үміт» әлеуметтік жобасын жүзеге асыру үшін «Территория успеха» қоғамдық бірлестігіне қаржылық қолдау көрсетті, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Ричард Леджер, «FlyArystan» АҚ Президенті:

«Мұндай жобаларды қолдау – біздің корпоративтік жауапкершілігіміздің ажырамас бөлігі. Біз үшін бұл көмектің бір реттік емес, жүйелі сипатта болғаны аса маңызды. Осы ретте Komek әлеуметтік бағдарламасына ерекше назарымызды аударамыз. Бұл бағдарлама аясында бірінші топтағы мүгедектігі бар жандар мен олармен бірге жүретін тұлғаларға әуебилеттеріне жеңілдік ұсынылады. Мұндай қолдау олардың еліміздің әртүрлі өңірлерінде медициналық, білім беру және әлеуметтік қызметтерге қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған. Сонымен қатар, «Жүрек орталығы» қоғамдық қорымен бірлескен жоба шеңберінде біз дәрігерлердің өңірлерге әуебилеттерімен қамтамасыз етіп келеміз. Біз адамдардың өмірінде нақты өзгеріс әкелетін, олардың мүмкіндіктерін кеңейтіп, өз-өзіне деген сенімін арттыратын және аса қажет сәттерде қолдау көрсете алатын ұзақ мерзімді стратегия құруға ұмтыламыз».

Балалардың церебралды сал ауруына (ДЦП) шалдыққан жағдайында кешенді оңалтуға бағытталған «Үміт» жобасы емдік дене шынықтыру жаттығуларын, остеопаттар, массаж мамандары, логопедтер және өзге де бейінді мамандардың қызметін қамтиды. Бұл бастама балаларға қалпына келтіру емін ғана емес, сондай-ақ әлеуметтік бейімделу және базалық білім алу мүмкіндіктерін ұсынады.

Рымгүл Утепова, «Территория успеха» қоғамдық бірлестігінің басқарма төрайымы:

«Аталған жоба 2024 жылдың қазан айында іске қосылды. FlyArystan компаниясымен «Үміт» бастамасы бойынша бірлескен жұмысымызды биылғы жылдың наурыз айында, мейірім мен жәрдем уақыты – қасиетті Рамазан айында бастадық. Әуекомпанияның қолдауымен біз церебралды сал ауруы диагнозы қойылған балалар тобына сапалы әрі кешенді оңалту шараларын ұйымдастыра алдық. Бұл тек медициналық және физикалық көмекті ғана емес, сонымен қатар балалардың бейімделуіне, коммуникациялық дағдыларын дамытуға және өз-өзіне сенім қалыптастыруға бағытталған сүйемелдеуді де қамтыды. FlyArystan сынды ірі серіктестермен ынтымақтастық – расымен де инклюзивті, әрі қамқор қоғам құруға серпін беретін маңызды қадам деп сенеміз».

2024 жылы да әуекомпания «Территория успеха» ұйымына демеушілік көрсеткен болатын. Атап айтқанда, айтрекер арнайы құрылғыларын сатып алуға көмектесті. Көз қозғалысын бақылау арқылы жұмыс істейтін бұл инновациялық құрылғылар сөйлеу және қимыл-қозғалыс қабілеті ауыр бұзылған жандарға цифрлық сервистерді басқаруға мүмкіндік береді. Айтрекер көптеген балалар мен ересектер үшін толыққанды қарым-қатынас пен дербестікке бастар «көпірге» айналды.

FlyArystan туралы:

FlyArystan – Air Astana тобының 100% еншілес компаниясы болып табылатын қазақстандық лоукостер. Ол өз қызметін 2019 жылдың мамыр айында бастады. 2025 жылдың қаңтар айынан бастап FlyArystan өз сертификатымен, FS коды бойынша тәуелсіз әуекомпания ретінде қызмет көрсетуде. Әуекомпания Алматы, Астана және Ақтау қалаларында орналасқан базаларындағы заманауи A320 ұшақтарынан құралған әуе паркімен кең ауқымды маршруттар желісі бойынша рейстер орындайды. FlyArystan маршруттар желісі ішкі және халықаралық рейстерді, сондай-ақ чартерлік бағыттарды қамтиды. FlyArystan 2023 және 2024 жылдары екі рет Skytrax World Airline Awards тарапынан Орталық Азия және ТМД-ның ең үздік бюджеттік әуекомпаниясы деп танылды.

«Территория успеха» туралы:

«Территория успеха» қоғамдық бірлестігі 2016 жылы ерекше қажеттіліктері бар балалардың екі анасы тарапынан құрылды. Ұйым мүмкіндігі шектеулі балаларды оңалтуға бағытталған инклюзивті және білім беру жобаларын жүзеге асырады, отбасыларға психологиялық және кеңестік қолдау көрсетеді, мамандар мен ата-аналарға арналған тренингтер мен семинарлар өткізеді, сондай-ақ көшпелі іс-шаралар мен қайырымдылық мерекелерін ұйымдастырады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#FlyArystan #әлеуметтік жоба #қолдау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Наурыз – бірлік пен алғыс мерекесі: Алматыда ақ халатты абзал жандарға құрмет көрсетілді

Кеше 20:32

Ғылым мен Конституция арқылы жаңа бағыт: Алматыда Қасым-Жомарт Тоқаев не туралы айтты

Кеше 20:28

21 наурызда Түркі әлемі халықтарының көрме-жәрмеңкесі ашылады

Кеше 20:23

Абай университеті Ұлыс күнін тойлады

Кеше 18:53

Алматыда «Ауыл» партиясы Наурызға орай ерекше акция ұйымдастырды

Кеше 18:35
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика