AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Фермерлердің субсидиялауға берген өтінімдерінің үш...

Фермерлердің субсидиялауға берген өтінімдерінің үштен бірі қабылданбады

Әлеумет 27.05.2023, 09:27 1,207 Аlmaty-akshamy.kz
Фермерлердің субсидиялауға берген өтінімдерінің үштен бірі қабылданбады
сурет:dknews.kz

Тыңайтқыштарды сатып алуды субсидиялау аясында фермерлерге 7,5 млрд теңге төленді.


Қазақстандық фермерлер бүгінгі күнге дейін тыңайтқыштарды субсидиялауға 13 251 өтінім берді, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.


АШМ баспасөз қызметінің мәліметінше, өңірлердің ауыл шаруашылығы басқармаларында 9027 өтінім бар, 2040 өтініш қабылданбады, ал 7,5 млрд теңге сомасына 2184 өтінім мақұлданды және тиісті сома төленді.



Айта кетейік, бұған дейін gosagro.kz порталында өтінімдердің үштен бірі қабылданбады. Мемлекеттік қолдаудан бас тартудың негізгі себебі бекітілген субсидиялау қағидаларына сәйкес 2023 жылғы 1 қаңтарда күшіне енген агрохимиялық картограммалардың болмауы, сондай-ақ алқаптарды цифрландырудағы қиындықтар болды. Солтүстік аймақтармен салыстырғанда, оңтүстікте шағын егістіктері бар фермерлер басым.



Бұл мәселені шешу үшін Ауыл шаруашылығы министрлігі 2023 жылғы 25 сәуірде жоғарыда аталған қағидаларға агрохимиялық картограммаларды пайдалану жөніндегі талапты алып тастау бойынша түзетулерді бекітті, сондай-ақ 2023 жылғы 31 желтоқсанға дейін «Қазақстан Ғарыш Сапары «ҰК» АҚ арқылы егістіктерді цифрландыруды кейінге қалдыруды енгізілді.


Белгіленген мерзімге дейін фермерлер осы егістіктерді құқық белгілейтін құжаттарға сәйкес міндетті түрде түзетуі қажет екенін атап өткен жөн. Тиісті кестені АШМ «Қазақстан Ғарыш Сапары «ҰК» АҚ-мен бірлесіп дайындап жатыр.



Сондай-ақ, субсидияларды алуға облыс әкімдіктерінің тыңайтқыштарды субсидиялау тізбелері мен нормалары туралы тиісті қаулыларының болмауы кедергі болды. Жергілікті атқарушы органдар нормативтерді тек наурыз айынан бастап, мамырға дейін бекіте бастады. Атап айтқанда, Атырау облысында қаулы осы күнге дейін қабылданған жоқ. Өңірлік әкімдіктің ақпараты бойынша құжат жақын арада бекітілетін болады.



Жалпы, тыңайтқыштарды субсидиялауға өтінімдерді беру gosagro.kz порталы арқылы толық автоматтандырылған, деректерді «қолмен» енгізуге жол бермейді. Бұл мемлекеттік қолдау алу кезінде адами факторды болдырмайды, яғни бюджет қаражатын тиімді және ұтымды пайдалануға мүмкіндік береді.


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#фермерлер #субсидиялау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Астанада «Алтын Орда – дала өркениетінің үлгісі: тарих, археология, мәдениет, бірегейлік» атты халықаралық симпозиумның Қарары қабылданды

Кеше 20:35

Жәния Бекмұхамбетова Таиландтағы WTT Youth Contender турнирінде қола медаль жеңіп алды

Кеше 18:44

Қазақстан құрамасы секіру дисциплиналары бойынша Азия чемпионатын бір медальмен аяқтады

Кеше 18:42

Қазақстандық спортшылар Мәскеудегі қоян-қолтық ұрыстан әлем кубогы кезеңінде медаль жеңіп алды

Кеше 18:39

Алматы қаласы Білім басқармасының басшысы болып Сәкен Аралбаев тағайындалды

Кеше 18:37
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);