конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Еуропа рейтингінде Заңғар Нұрланұлы көш бастап кел...

Еуропа рейтингінде Заңғар Нұрланұлы көш бастап келеді

Спорт 04.05.2022, 10:06 1,346
Еуропа рейтингінде Заңғар Нұрланұлы көш бастап келеді
Сурет: Inform.kz

Tennis Europe ұйымы биыл күзде Монте-Карлода өтетін Junior Masters турниріне орай жаңартылған рейтингті жария етті


Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, 14 жасқа дейінгілер арасында Заңғар Нұрланұлы бұрынғысынша көш бастап келеді. Оның еншісінде 520 ұпай бар. Жалпыеуропалық рейтингте Заңғар 4-орында қалды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 


Ал Қазақстанның басқа жас жұлдыздары Дамир Жалғасбай мен Даниэль Тазабеков өз көрсеткіштерін жақсартты. Даниэль 37-ші, Дамир 39-шы сатыға көтерілді. Жуырда Үндістанның Нью-Дели қаласында 14 жасқа дейінгілер арасында Азия/Тынық мұхит аймағы бойынша өткен іріктеу турнирінде осы теннисшілер 3-орынға ие болып, Қазақстан жасөспірімдер құрамасы тұңғыш рет әлем чемпионатының финалдық кезеңіне жолдама алған болатын.


Халықаралық теннис федерациясы да 18 жасқа дейінгілер арасында әлемдік рейтингті жаңартты. Мұнда үздік 100 теннисшінің қатарына кірген Максим Батютенко 77-орынға жайғасты. Ислам Орынбасар 211-інші, Даниил Фелькер 269-сатыда тұр. Даниал Рахматуллаев бірден 393-тен 371-ге, Әмір Омарханов 704-тен 526-ға жоғарылады. Қыздар арасында Аружан Сағындықова 77-орнын сақтап қалса, Сандуғаш Кенжебаева 116-ыншы, Дана Байдәулет 147-інші, Жанель Рүстемова 156-ыншы, Еркежан Арыстанбекова 190-сатыда келеді.


Еске сала кетейік, бұдан бұрын Александр Бубликтің Мадридте ұтылып қалғанын, Елена Рыбакинаның ширек финалға өте алмағанын жазған болатынбыз.





Телеграм арнаға жазылыңыз
#Еуропа рейтингі #көш басы #теннис
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Канье Уэсттің концерті басталуына санаулы минуттар қалды

Бүгін 20:48

Алматы және Алматы облысындағы тұтынушылардың электрмен жабдықталуы қалпына келтірілді

Бүгін 20:40

Сарапшы партиялардың сайлауалды бағдарламаларын қалай бағалау керегін түсіндірді

Бүгін 20:37

ҚҚДИ: Теледебаттар партиялар арасындағы айырмашылықтарды көрсетуге мүмкіндік берді

Бүгін 20:34

Бюджет емес, нәтиже маңызды: Сарапшы медицина сапасының басты өлшемін атады

Бүгін 20:30
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);