AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Ескі үйлердің тұрғындары баспанасыз қалмайды 

Ескі үйлердің тұрғындары баспанасыз қалмайды 

Әлеумет 23.09.2025, 14:24 570 yakiya
Ескі үйлердің тұрғындары баспанасыз қалмайды 
Алматы әкімдігі

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды 1950-жылдары салынған Яблочков көшесіндегі ескі үйлерді аралап көрді, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Тұрғындар қайта жаңарту мен көшіру жұмыстарын жеделдетуді сұрады. Қала басшысы ескі үйлерді сүру кезінде ең бастысы, адамдардың баспанасыз қалмауын қамтамасыз ету екенін айтты. Барлық шешім тек заң аясында қабылданатынын жеткізді.

 «Барлық шешім заңды болуға керек. Ертең прокуратура дау тудырмас үшін хаттамаларды тексереміз. Ең маңыздысы, тұрғындарға ыңғайлы әрі бізге жұмысты жалғастыруға мүмкіндік беретін шешім табу керек», — деді әкім.

Жетісу ауданындағы Яблочков көшесінде орналасқан №1 және №3 үйлер – 1953-1954 жылдары салынған екі қабатты қаңқалы-қамысты ғимараттар. Барлығы 16 пәтер бар. Үйлердің жағдайы нашар: қабырғасында сызат пайда болған, сылақ үгітіліп түскен. Іргетасы шөгіп, төбе мен қабырға арасында саңылаулар пайда болып, еден қисайып кеткен, шатырдан тамшы ағады. 70 жылдан астам уақы бойы күрделі жөндеу жүргізілмеген.

«ҚазҚҒЗИ» АҚ 2017-2018 жылдары жүргізген тұрғын үй қорының техникалық түгендеуі бойынша Яблочков көшесіндегі №1 және №3 үйлер ескі деп танылған. Оларды сүріп, тұрғындарды көшіру қажет. Осы аумақтың Шамиева көшесінде тағы екі ескі үй бар. 

Қала әкімі Дархан Сатыбалдының айтуынша, қазір көшірудің түрлі нұсқасы қарастырылып жатыр. Тұрғындар жаңа пәтердің Алматының қай ауданынан берілетіні маңызды емес екенін айтты. Мәселен, Наурызбай ауданында қоныстана беруге болатын дайын пәтерлер бар.

Әкімнің айтуынша, ескі үйлердің тұрғындарын көшіру - маңызды әлеуметтік міндет, оны қала тұрғындарының мүддесін сақтай отырып, заңдылық пен ашықтық негізінде шешу қажет.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#қала #әкім #баспана
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Astana AI Film Festival халықаралық AI-фильмдер байқауы әлемнің түкпір-түкпіріндегі креаторлардан өтінім қабылдауды бастады

Бүгін 19:35

Алматыға Шанхай ғылым және технологиялар колледжі делегациясы келеді

Бүгін 18:42

Алматының ажары

Бүгін 18:12

Алматылық Камиля Досмалова пара таэквондодан Азия чемпионы атанды

Бүгін 16:51

Алматы тұрғындары «Таза бейсенбі» экологиялық акциясына қатысты

Бүгін 16:49
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);