AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мұны білген жөн / Ертең қалада дабыл сиренасы іске қосылады

Ертең қалада дабыл сиренасы іске қосылады

Мұны білген жөн 22.07.2025, 11:27 636
Ертең қалада дабыл сиренасы іске қосылады
Алматы қаласы әкімдігі

Қазақстанда "Жер-2025" атты республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу өтеді, - деп хабарлайды Аqshamnews.kz тілшісі Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

ТЖМ мәліметінше, іс-шара 2025 жылғы 23-24 шілде аралығында елдің сейсмикалық қауіпті өңірлерінде өтеді. Олар – Алматы, Шымкент қалалары, Абай және Жетісу, сондай-ақ Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда және Түркістан облыстары.

Республикалық оқу-жаттығу штабы Шымкентте орналасқан.

 

Бұл өңірлерде тұрғындар дабыл сиренасын естиді, сонымен қатар адамдар көп жиналатын нысандарда сейсмикалық жаттығулар өткізіледі.

Оқу-жаттығу жойқын жер сілкінісінен кейін туындайтын төтенше жағдайды жоюға азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің дайындық деңгейін арттыру мақсатында өткізіледі. Іс-шараға республикалық, өңірлік азаматтық қорғау қызметтері мен жергілікті атқарушы органдар қатысады, олар жойқын жер сілкінісі жағдайында әрекет ету алгоритмін пысықтайды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #сирена #Ескерту
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қала қауіпсіздігі басты назарда: Наурыз қарсаңында алматылық ұландықтардыңавтопаркі заманауи техникамен толықты

Бүгін 21:14

Алматыда көктемгі әскерге шақыру басталды

Бүгін 19:27

Тоқаев: ғылымды қаржыландыру ісіне қатаң тәртіп керек

Бүгін 17:52

Алматыда “Батамен ел көгерер” атты батагөйлер байқауы өтті

Бүгін 17:29

Құндылықтар мен қолдау: отбасы арқылы экстремизм мен зорлық-зомбылыққа тосқауыл

Бүгін 17:14
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика