23 наурыз – Тазару күні аясында Алматыда жалпықалалық сенбілік өтеді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.
Сенбілік сағат 09:00-да басталады.
Негізгі орындар:
Бостандық ауданы — Үлкен Алматы өзені (әл-Фараби даңғылынан жоғары)
Наурызбай ауданы — Ж. Жиембаев атындағы Қазақ өсімдік қорғау ҒЗИ жанындағы сквер
Қосымша орындар:
Алатау ауданы — Саялы шағынауданы
Әуезов ауданы — Ақсай 1А шағынауданы, Сайран көлі
Алмалы ауданы — М. Ганди атындағы саябақ
Жетісу ауданы — А. Жангелдин атындағы сквер
Медеу ауданы — Есентай өзені (әл-Фараби даңғылынан жоғары)
Түрксіб ауданы — Қайрат шағынауданы
Тұрғындарды сенбілікке қатысып, қаламызды таза әрі көрікті етуге шақырамыз.