Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / Ермек Серкебаев атындағы камералық зал ашылды

Ермек Серкебаев атындағы камералық зал ашылды

Мәдениет 06.06.2022, 03:33 1,583
Ермек Серкебаев атындағы камералық зал ашылды
Cурет: Қайрат Қоныспаев

Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында өнерсүйер қауым үшін маңызды оқиға болды. Еңселі ғимарат ішінен КСРО  Халық артисі, КСРО және Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Социалистік Еңбек Ері, профессор Ермек Бекмұхамедұлы Серкебаев атындағы камералық зал ашылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Салтанатты ашылуға КСРО Халық артисі Бибігүл Төлегенова және Әлібек Дінішев қатысып, Ермек Серкебаев туралы лебіздерімен бөлісті. Әншінің ешкімге ұқсамайтын туабітті дарыны туралы ой толғап, адамдық келбеті жайында да баяндап, жылы естеліктер айтып берді.


Ермек Серкебаев көзі тірісінде «Баритондардың королі» және «Кеңес Одағының үздік Фигаросы» деген жоғары мәртебе иеленіп, тыңдармандарының ықыласына бөленген.


Иә, әйгілі опера әншісі, актер, ұстаз қазақ классикалық өнерінің дамуына орасан зор үлес қосқан. Оның есімі тек Қазақстанда ғана емес, әлем сахналарында айтылды. Ермек Серкебаев дүние жүзінің ең үздік деген 50-ден астам сахнасында өнер көрсеткен. Соңына шығармашылық мол мұра қалдырды. Еліміздің талантты әншілерінің алып шоғырын тәрбиелеп шығарды. Табиғи дарыны мен жанкешті еңбегінің арқасында опера өнерінің шыңына көтерілді. Оның орындаған туындылары отандық және әлемдік классиканың алтын қорын толтырып, шығармашылық жолында жүрген талай буынға шабыт берді. Сондықтан Ермек Серкебаевтың есімі ұлттық музыка мұрасы тарихында алтын әріптермен жазылып, есімі халық жадында мәңгі сақталады.



Жаңадан ашылған камералық залдың қақ төріне Ермек Серкебаевтің үлкен портреті қойылыпты. Жарығы мол бөлмеде болашақта жас опера әншілері ән салатын болады. Оларға арналып шеберлік сабақтары өткізіледі. Тіпті, қазақ музыка өнеріне өлшеусіз еңбек сіңірген өзге де өнер адамдары туралы жастарға үлгі болар ұлағатты естеліктер айту кештері ұйымдастырылып тұрмақ.


Камералық залдың ашылу салтанатында Ермек Серкебаевтың шәкірттері – ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Болатбек Бөкенов, Дулат Тоқанов, Болат Қанағатов ұстаздарының ең жақсы көрген әндерін шырқады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#өнер #Серкебаев #Камералық зал
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Президент «Әл-Фараби» орденін енгізуді ұсынды

Бүгін 14:18

Биыл Алматыда 12 мың жаңа шам орнатылып, 126 км жарық желісі тартылады

Бүгін 14:09

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Ұлы тұлғаларды ұлықтау жұмысына тың серпін беру аса маңызды»

Бүгін 14:05

Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» жалпыұлттық жобасының түпкі мәні қоғамдық сананы жаңғырту екенін атап өтті

Бүгін 13:51

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Кітап оқу үрдісі ұлттың озық қасиетіне айналғаны жөн»

Бүгін 13:35
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика