ffin.kz

Ерлік танытқан полицейлер марапатталды

Ерлік танытқан полицейлер марапатталды Сурет: Ашық дереккөз

Полицейлер 250-ден астам ерлік әрекеттер жасап, 400-ге жуық адамның өмірін сақтап қалды


ІІМ-де қызмет бабында ерлік танытып, борышын абыроймен атқарған полиция қызметкерлеріне құрмет көрсетілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.


Қарулы қылмыскерлерді ұстау кезіндегі жанқиярлығы және адам өмірін ажалдан арашалау барысындағы жеделдігі үшін ведомство басшысы Марат Ахметжанов әріптестеріне алғыс білдірді. 



«Қазақстандық полиция тарихында біз мақтан тұтатын батырлықтың мысалдары көп. Соңғы жылдардың өзінде полицейлер 250-ден астам ерлік әрекеттер жасап, 400-ге жуық адамның өмірін сақтап қалды», – деді ішкі істер министрі. 



Шымкент қаласы полиция департаменті Тұран ауданы полиция басқармасының жедел уәкілі Арман Әріпжанов пен Жамбыл облысы полиция департаменті Сарысу ауданы полиция бөлімінің жедел уәкілі Бекен Қонысов ІІ дәрежелі “Айбын” орденімен наградталды. 20 ақпанда Арман Әріпжанов өз өміріне қауіп төнгеніне қарамастан, Шымкент қаласындағы қару-жарақ дүкеніне қарақшылық шабуыл жасаған күдіктіні ұстады. 



«Сол күні әріптесім екеуміз бейнебақылау камераларын қарап жүрген едік. Қару дыбысын естіген сәтте дереу сыртқа жүгіріп шықтым. Оқушылар мен студенттер өте көп болды. Солардың бәрін шетке шығуға өтініп, қарулы азаматтың артынан жүріп отырдым. Қолайлы сәтті күтіп, автокөліктің маңына келіп, қоян-қолтық ұрыс тәсілін қолданып, қаруын тартып алдым. Ешқандай қорқыныш болған жоқ. Себебі бірінші орында адамдардың қауіпсіздігін сақтап, қылмыскерді қолға түсіру болды», – деді Шымкент қаласы ПД Тұран ауданы полиция басқармасының жедел уәкілі. 



Ал Бекен Қонысов 19 ақпан күні Жамбыл облысы Жаңатас қаласында қарулы қылмыскерлердің қылмыстық әрекетінің жолын кесу кезінде батылдық пен ерлік танытты. 



«Қоғамға қауіп төніп тұрғандықтан, ешқандай қиындыққа қарамастан, қылмыскерді тоқтатуға тырыстық. Әріптестеріммен бірлескен жұмыстың нәтижесінде ол қолға түсті», – деді Жамбыл облысы ПД Сарысу ауданы полиция бөлімінің жедел уәкілі. 



Сондай-ақ бұл күні Тараз қаласында бес адамнан тұратын отбасыны газбен уланудан құтқарған кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі учаскелік полиция инспекторы Әлішер Ермеков марапатталды. Оған “Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін” медалі табысталды. 



«Оқиға 6 наурыз күні кешкі уақытта орын алды. Кезекшілікке шыққан кезімде №22 мектеп директорының орынбасары Эльмира Әжібекқызы маған хабарласты. Ол екінші сынып оқушысының сабаққа себепсіз келмегенін, ата-анасының байланысқа шықпағанын айтты. Мән-жайды білу үшін біз баланың үйіне бардық. Көрші үйдің қоршауы арқылы кірдік. Терезенің алдында кішкентай бала жатты. Дереу терезені ашып, іштегі адамдарды сыртқа шығардық. Газ бен жарықты сөндірдік. Азаматтарға алғашқы көмек көрсетіп, кейін жедел жәрдем мамандарына тапсырдық», – деді Тараз қаласы ПБ 2-ші полиция бөлімінің кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі учаскелік полиция инспекторы. 



Тәртіп сақшысымен бірге болған тараздық №22 орта мектеп директорының орынбасары Эльмира Еселбаева да марапатқа ие болды. Ұстазды Жамбыл облысы полиция департаментінің басшысы құттықтады. 


Айта кету керек, ажалдан аман қалған отбасы мүшелерінің өмірі мен денсаулығына бүгінде ешқандай қауіп жоқ. Үйлесімді және жедел іс-қимылдардың арқасында құтқарылған жанұяның отағасы өз алғысын білдірді. 



«Көретін жарық сәулесі бар екен» деп жатады ғой. Осы кісілердің арқасында бір емес, бес бірдей адамның өмірі құтқарылды», – деді Бақытжан Байтасов.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

09:05

08:58

08:49

08:05

19:10

18:45

18:02

17:43

17:39

17:31

17:20

17:17

17:05

16:54

16:41

16:15

16:05

15:56

15:39

15:21

15:14

14:45

14:40

14:34

14:07