AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / АЭС: Референдум / Ерлан Қошанов: Қазақстанда АЭС салуға батыл шешім...

Ерлан Қошанов: Қазақстанда АЭС салуға батыл шешім қабылдап, бірлесіп дауыс беруіміз керек

АЭС: Референдум 16.09.2024, 12:10 2,016 Bakyt
Ерлан Қошанов: Қазақстанда АЭС салуға батыл шешім қабылдап, бірлесіп дауыс беруіміз керек
aes2024.kz

 

Ерлан Қошанов Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген ең белсенді әйелдермен, «AMANAT» партиясының Әйелдер қанаты аясында ұйымдастырылған «Tomiris» жобасының қатысушыларымен кездесті. Бұл жүздесуде 200-ден астам әйел саяси көшбасшылықты үйреніп, ел болашағы үшін маңызды шешімдер қабылдауға өз үлестерін қосуға дайын екендіктерін көрсетті.

Әйелдер қанаты бір жарым жылда «AMANAT» партиясының негізгі қозғаушы күштерінің біріне айналды. «Tomiris» жобасына қатысушылар Жолдау қазіргі сын-қатерлерге жауап береді деп бірауыздан келісті. Әсіресе, елімізде байқалып отырған энергия тапшылығы мәселесін шешудің ең тиімді жолы – атом электр станциясын салу екенін де қолдады.

Кездесуге қатысқан Ядролық физика институтының ғылыми хатшысы Қарлығаш Мұнасбаева мен осы институттың ядролық және физикалық қауіпсіздік оқу орталығының бастығы Наталья Измайлова атом электр станциясын салудың қауіпсіздігіне қатысты ғылыми тұрғыдан өз ойларын білдірді. Олардың айтуынша, бұл жоба экологиялық талаптарға толық жауап береді және жаңа технологиялардың арқасында Қазақстан халқы үшін ешқандай қауіп төндірмейді.

Наталья Измайлова атап өткендей, Қазақстанда атом энергетикасы саласында жұмыс істейтін жоғары білікті мамандарды даярлау үшін барлық база бар. Жас ұрпақты ядролық инженерияны таңдауға және еліміздің энергетикалық тұрақтылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге үлес қосуға шақырамыз.

Сарқан ауылынан келген кәсіпкер Кенжетай Тазабекова АЭС құрылысы бойынша референдум өткізу – «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асырудың нақты көрінісі екенін атап өтті. Жаңартылған Конституцияға халық дауыс берген кезде де дәл осылай болған еді. Уақыт пен осы реформалар таңдаудың дұрыс болғанын көрсетті.

Бұл жолы да бірлесіп, тағы бір ортақ, батыл шешім қабылдап, елімізде атом электр станциясын салуға дауыс беруіміз керек!

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қошанов #АЭС #референдум
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Кеше 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);