Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Ерекше сілкініс

Ерекше сілкініс

Әлеумет 01.07.2023, 05:08 1,087
Ерекше сілкініс
qalamger.kz

«ALMATY AQSHAMY» – 35  «Ақшам» ардагерлері



1988 жылы «Алматы ақшамы» ашылғанда ел-жұрттың санасында ерекше бір сілкініс пайда болды. Бұл – кеңестік жүйенің күні бітіп, Желтоқсан өтіп, тәуелсіз ел боламыз деп желпініп жүрген алақұйын шақ еді. Мен аяқастынан газетке редактордың орынбасары боп келдім. Газет күн бата шығады. «Вечерка»-ға көздері үйренген жұрттың, әсіресе, зиялы қауымның жүрегі «Алматы ақшамы» деп соға бастады, жүре келе «Ақшам» дейтін болды. Тәуелсіздік табалдырығынан тәй-тәй басқан қазақы көңілдер өз түтінінде шалқып отырып қанағат сезіммен «Ақшамды» оқыды, дүңгіршектен таппаса, редакцияға кеп алып кетіп жүрді.


Журналистер де сайдың тасындай еді. Қанат Қайымов, Раушан Имашева, т.б. қыз- жігіттер әртүрлі тақырыптарды қозғап, тыңға түрен сала бастады.



Өзім осы «Ақшамда» жүргенде «Көзбояуы жоқ көріністер» циклын бастадым. Жұртшылық жылы қабылдады. Кітап кейінге қалып, қалта телефон қылтиып қолға ілігіп, ел-жұрт интернетке иіле бастаған шақта өмір көріністерін бірсыдырғы қабылдау да өзгеріске ұшырады. Осы сәттегі көңіл күйді тап басып, өмірдің күнгейі мен көлеңкесіне бір сәт баға беру міндет болды. Қайта құру мен тәуелсіздік арасындағы осындай екіұдай сезім біздің санамызға да алай-дүлей өзгерістер әкелді, «қашанғы талтайып тұрамыз?» деген әулекі сөздің шыққан кезі де осы шақ.



Тіпті, айтыс ақындарының «қайта құру дегенім – қайта құру, атымды қайта ерттеп, қайта міну» деп төпеп, уақыттың қосын жеккені де көз алдымызда. Бірақ қайта ерттелген ат пен атырылып алға шыққан сәйгүлікті көре қоймадық, халық жалаң сөз бен жадағай ұранның тасасында қала берді. Осындай көңіл күй «Көзбояуы жоқ көріністер»-дің арқауы болды. Б ұ л жазбаларды тек «Ақшамға» ғана жариялап жүрдім.


«Ақшамда» ұзақ істегенім жоқ, бірақ маздаған оттың тұтанып, ұшқынның жалынға айналуына куә болдым. Газеттің алғашқы сандарын сақтап қойдым. Міне, содан бері де жылжып 35 жыл өте шығыпты. «Ақшам» қазір тек қалалық емес, республикаға әйгілі басылым, «Ақшамның» ауқымы кең. Қаншама қалам иелері осы шаңырақтан қанат қақты. Астана солтүстікке ауысқанмен, «Алматы ақшамы» Оңтүстік астананың көзі боп қала берді. Бұл да «Қазақ» газеті сияқты қазақпен бірге жасап, қуанышы мен мұңын бірге бөліскен әйгілі басылымға айналды дер едім. 35 жыл көз ұшында қол бұлғап кетіп барады.



Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Ақшам #Мерейтой
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Балалар саясаты 2030 жылға дейін жүйелі түрде жаңғыртылады

Бүгін 12:27

Қазақстан педагогтердің еңбек жағдайы бойынша әлемдік көшбасшылар қатарында

Бүгін 12:21

ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ: ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫС – НАҚТЫ НӘТИЖЕ

Бүгін 12:04

Қасым-Жомарт Тоқаев Сербия Президенті Александр Вучичті Ақордада қарсы алды

Бүгін 11:48

Референдумға қатысуға құқығы бар азаматтардың тізімінен өзін тексеру қажеттігі туралы

Бүгін 11:38
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі