конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды арн...

Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды арнайы психологиялық-педагогикалық қолдау стандарты әзірленді

Әлеумет 26.03.2025, 09:39 1,112 dulatbekova
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды арнайы психологиялық-педагогикалық қолдау стандарты әзірленді
Сурет: Gov.kz

Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру және инклюзивті, арнайы білім беруді жүйелі дамыту мақсатында ҚР Оқу-ағарту министрлігі «Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды арнайы психологиялық-педагогикалық қолдау стандартын бекіту туралы» бұйрық жобасын әзірледі, деп хабарлайды aqshamnews.kz 

Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.

Құжат арнайы білім берудің шарттарына, сапасы мен мазмұнына қойылатын бірыңғай ең төменгі талаптарды айқындайды, сондай-ақ осындай қолдау көрсетуге жауапты ұйымдар мен мамандардың қызметін реттейді. Мемлекеттік деңгейде алғаш рет білім берудің барлық сатыларында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды сүйемелдеуге жүйелі тәсіл бекітіледі.

«Бұйрық жобасы балалардың барлық санаттары үшін сапалы білімге тең қолжетімділікті қамтамасыз ету жолындағы маңызды қадам болмақ. Қазір сондай-ақ «Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды кешенді қолдау туралы» ҚР Заңы әзірленуде, ол балалар мен отбасыларын ведомствоаралық сүйемелдеудің институционалдық және құқықтық тетіктерін қамтитын болады», - деп атап өтті инклюзивті және арнайы білім департаментінің директоры Лаура Бутабаева.

 Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы министрлік инклюзивті және арнайы білім беру саласындағы нормативтік базаға кешенді талдау жүргізді. Оның қорытындысы бойынша 15 Нормативтік-құқықтық акт бекітіліп, нәтижесінде, балаларға туғаннан бастап мамандық алғанға дейінгі психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудің үш деңгейлі моделі енгізілді. Қолдау кабинеттеріне жаңа талаптар белгіленді, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істеудің жеке бағдарламалары әзірленді, педагог-ассистент, арнайы педагог және жеке көмекші сияқты жаңа лауазымдар енгізілді.

2024 жылдың деректері бойынша Қазақстанда ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың саны 230 мыңнан асты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ерекше білім беру #қажеттілік #психологиялық-педагогикалық қолдау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Ұлттық домбыра күніне арналған «Домбыра – дастан» атты ауқымды мерекелік концерт өтті

Бүгін 11:34

Алматының коммуналдық қызметтері нөсер жаңбырдың салдарын жедел түрде жойды

Кеше 20:52

Иранда аятолла Әли Хаменеимен қоштасуға арналған аза тұту рәсімдері басталды

Кеше 17:50

Алматыдағы сенбілікке 2,4 мың адам қатысты

Кеше 15:41

Жаңа Конституцияны диалог пен шығармашылық арқылы жүзеге асыру: Алматыда ауқымды жастар науқаны өтіп жатыр

Кеше 15:09
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);