конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / Ердоған Түркияда шығарылған TOGG электромобилінің...

Ердоған Түркияда шығарылған TOGG электромобилінің алғашқы иесі атанды

Әлем 07.04.2023, 16:09 1,097
Ердоған Түркияда шығарылған TOGG электромобилінің алғашқы иесі атанды
Сурет: Astanatv.kz

Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған мен оның әйелі елде шығарылған TOGG электромобилінің алғашқы иелері атанды


TOGG T10X, C класты кроссовер Анкарадағы Президент сарайында өткен салтанатты шарада конвейерден жаңа шыққан, екі түсті – қызыл және қою көк түсте ұсынылды. Қызыл түс Түркияның бірінші ханымы Әмина Ердоғанға арналған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Astanatv.kz-ке сілтеме жасап.


Түркия Президенті "Анатолу" деп аталатын қызыл көлікті басқарды. Алайда алдағы уақытта қою көк көлікпен жүретінін айтты.



"Бүгін біз халқымыздың 60 жылдық арманының орындалғанының куәсі болдық. TOGG рекордтар жаңартты және бұл біздің жеке көлігіміз", - деді Ердоған.



2022 жылдың қазан айында Бурса провинциясының Гемлик қаласындағы түрік электромобиль зауыты электромобильдердің сериялық өндірісін бастады және оған Ердоғанның өзі қатысты. Болашақта бұл зауыт 6 түрлі түсті электромобильдердің 5 нұсқасын шығарады.


Әзірге екі модель шығарылды. Олар: TOGG T10X SUV C класындағы жол талғамайтын көлік және TOGG T10S седан. Жобаға 13 жыл ішінде 3,7 миллиард доллар инвестиция салынады. Сондай-ақ осы жылдың қазан айында электромобильдің екінші нұсқасы – седанның тұсауы кесілетіні хабарланды.


TOGG бас директоры Гуржон Каракош журналистерге жылына 100 мың көлік шығаруды жоспарлап отырғандарын айтты. Өндірістік қуаттылық бұл көрсеткішті жылына 175 000-ға жеткізуге есептелген. 2030 жылға қарай бір жылда құрастырылатын көліктер саны жарты миллионға жетеді.



Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ердоған #Электромобиль #алғашқы ие
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Президент Лихтенштейннің Тақ мұрагеріне құттықтау жеделхатын жолдады

Бүгін 11:27

Мемлекет басшысы Конго Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Бүгін 11:16

Тоқаев Үндістан Премьер-министрін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Бүгін 11:13

Үкіметте білім беру және балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру мәселелері қаралды

Бүгін 10:43

Қазақстанда бір палаталы Құрылтай жұмыс істей бастайды

Бүгін 09:49
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);