AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / Ердоған саясаттан кетуі мүмкін

Ердоған саясаттан кетуі мүмкін

Әлем 10.03.2024, 12:18 1,152
Ердоған саясаттан кетуі мүмкін
Сурет: @RTErdogan / Twitter

Ердоған 31 наурызда өтетін муниципалды сайлау өзі үшін соңғы сайлау болуы мүмкін екенін айтты.


Саясаткер 2028 жылы президенттіктен кеткеннен кейін АКП-ның консерваторлары билікте қала беретініне сенім білдірді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



Түркияда наурыз айының соңында өтетін муниципалды сайлау елдің қазіргі президенті Режеп Тайып Ердоған үшін соңғысы болмақ. Бұл туралы мемлекет басшысы жұма күні, 8 наурызда TUGVA жастар ұйымының отырысында мәлімдеді. Ердоған заңнама бойынша өзіне берілген өкілеттіктерге тоқталды.


Сонымен бірге, 70 жастағы саясаткер өзі жетекшілік ететін консервативті Әділет және даму партиясы Ердоған мемлекет басшысы қызметінен кеткеннен кейін де билікте қалатынына сенім білдірді.


Режеп Тайып Ердоған 20 жылдан астам уақыт билікте болды. 2003 жылы ол алғаш рет премьер-министр, 2014 жылы президент болып сайланды.


2018 жылы Ердоған жоғары мемлекеттік лауазымға қайта сайланды. 2023 жылы ол президенттік сайлауда қайтадан жеңіске жетті, бірақ тек екінші турда оппозицияның жалғыз кандидаты Кемал Кылычдароглуды жеңді. Қазіргі мемлекет басшысының өкілеттігі 2028 жылы аяқталады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ердоған #саясаттан кету #болжам
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Петропавлда HACKATHON 2026 өтті

Бүгін 21:39

Алматыда «Гүлденген мегаполис» атты көрме өтті

Бүгін 18:57

Майдангерлерге – 5 миллион теңге

Бүгін 18:50

Парижге жаяу барған 76 жастағы қария «Құрметті спорт қызметкері» атағын алды

Бүгін 18:47

Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады

Бүгін 18:43
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика