AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Ерболат Досаев сорғы станциясының жұмысымен таныст...

Ерболат Досаев сорғы станциясының жұмысымен танысты

Әлеумет 16.08.2023, 13:02 976
Ерболат Досаев сорғы станциясының жұмысымен танысты
Суреттерді түсірген - Д.Исаев

Ерболат Досаев «Ақжар» тұрғындарын сумен үздіксіз қамтамасыз ету бойынша жұмыстардың барысын тексерді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Наурызбай ауданына жұмыс сапары аясында Алматы әкімі Ерболат Досаев «Ақжар» шағын ауданын сумен жабдықтауға арналған каскадты сорғы станциясының аумағына барды.


«Наурызбай ауданында сумен қамтамасыз ету проблемасы аудан аумағы мегаполиске қосылғаннан кейін пайда болды және бұл мәселе 10 жылдан астам уақытқа созылып келді. Бүгінде сорғы станциясы салынды. Басты міндет-тұрғындардың ауыз суға тұрақты қолжеткізуін қамтамасыз ету. Біз жүзеге асырып жатқан жобалар негізгі проблеманы – үйлерді сумен жабдықтаудың таудағы су көздеріне тәуелді болмауын шешуге мүмкіндік береді», - деп атап өтті Ерболат Досаев.


Құрылыс жұмыстары осы жылдың мамыр айында басталды. 1 тамызда станция пайдалануға берілді. Қазіргі уақытта су беру штаттық режимде жүзеге асырылуда.


«Ақжар сорғы станциясы Ақжар шағын ауданын сумен жабдықтауды қамтамасыз етеді. Негізгі технологиялық цикл «Премьера» сорғы станциясынан басталады. Біз суды Ақжар шағын ауданына береміз, егер көшелер бойымен қарайтын болсақ, Ташкент көшесінен Жандосов көшесіне дейін. 1 тамыздан бастап су беру қамтамасыз етілді. Сондай-ақ, Ақжар ш / а су және кәріз желілерін төсеу жұмыстары жүргізілуде, олар 80%- ға орындалды. Жұмыстарды ағымдағы жылдың қыркүйек айының соңына дейін аяқтауды жоспарлаудамыз», - деді Энергетика және сумен жабдықтау басқармасының басшысы Талғат Малыбаев.



16 тамыздағы жағдай бойынша «Ақжар» шағын ауданы аумағының 70% - ы немесе 3600-ге жуық жеке үй, сондай-ақ көпқабатты тұрғын үй құрылыстары мен білім беру мекемелерінің ғимараттары жыл бойы суға үздіксіз қолжеткізді. Сумен жабдықтаудың жаңа желілерін салу бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарының аяқталуына қарай бірқатар көшелердің абоненттері қосылады. Нысан жобалық қуаттылыққа шыққаннан кейін 22 мыңнан астам тұрғыны бар шағын ауданның 5 мыңға жуық үйі ауыз сумен қамтамасыз етілді. 2023 жылдың соңына дейін Қарғалы өзенінде жаңа сүзгі станциясының құрылысы, 2025 жылдың соңына дейін Ақсай өзенінде осындай сүзгі станциясының құрылысы аяқталады. 


Мұның бәрі Наурызбай ауданының, сондай-ақ Алматы облысының 150 мың тұрғынын тұрақты сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.


Жоба бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында «Qazaq Stroy Almaty» ЖШС-мен бірлесіп қолға алынған. 


«Тереңдігі 300 метр 5 скважина бұрғыланды, сорғы станциясы орнатылды және Алатау-Абайдың екінші көтергіш сорғысына су жиналды. Мұнда 5-10 мың текше метр су жинайтын екі резервуар салынды. Сондай-ақ, «Ақжарға» су жіберетін сорғы станциясы орнатылды. Сумен үздіксіз қамтамасыз ету үшін біз тәулігіне сағатына 360 текше метр су жібереміз. Бұл сорғы станциясы қазір тоқтаусыз жұмыс істейді», - деді «Qazaq Stroy Almaty» ЖШС бас энергетигінің орынбасары Төлеген Жанғұрбаев.


Жүргізілген жұмыс барысын тексеруді қорытындылаған қала әкімі Ерболат Досаев аудан тұрғындарын сапалы және үздіксіз сумен қамтамасыз ету жұмыстарын ерекше бақылауда ұстауды тапсырды.


Анықтама: 


«Ақжар» шағын ауданын сумен жабдықтау жазда бау-бақша шаруашылықтары жүзеге асыратын суару себебінен су тапшылығына байланысты күрделенген еді. Сонымен қатар, ауыз суды жеткізудегі үзілістер ауа-райының қолайсыздығы және Ақсай өзеніндегі судың лайлану концентрациясының артуы орын алып, оны су алуға жарамсыз етті. Мұндай кезеңдерде сумен жабдықтау айналып өту желісі бойымен жүзеге асырылды.



Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Наурызбай #Досаев
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев дәрігерлерді әлеуметтік тұрғыдан қолдау шаралары туралы айтты

Бүгін 15:09

«Жаңа Ата заңымызда денсаулық сақтау мәселесіне айрықша мән берілді»

Бүгін 14:59

Бүгін Ақордада медицина қызметкері күніне орай салтанатты іс-шара өтті

Бүгін 14:48

Ақын Аман Кәлетаевтың 80 жылдық мерейтойы аталып өтті

Бүгін 14:39

Алматыда отбасы құндылығы мен саналы әке болу тақырыбы талқыланды

Бүгін 14:14
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);