ffin.kz

Ерболат Досаев: Біз үшін қаланың тарихи келбетін сақтау маңызды

Ерболат Досаев: Біз үшін қаланың тарихи келбетін сақтау маңызды Суреттерді түсірген - Д.Исаев

Алматы әкімі Ерболат Досаев жұмыс сапары барысында Сейфуллин даңғылыдағы Үлкен Алматы каналындағы көпірді қайта жаңарту барысымен танысты, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz


Көпір 1982 жылы салынған. Әр жылдары ағымдағы жөндеу аясында сынған плиталар ішінара, бөлшектеп қалпына келтірілген.


Түрксіб ауданының тұрғындары әкімдікке көпірді жөндеу туралы бірнеше рет өтініш білдірген. Визуалды тексеру барысында үш негізгі мәселе анықталды.



Бірінші: баспалдақтағы гранит плиталар жылжып кеткендіктен тұрғындардың көпірге түсіп-шығу қауіпті. Аумақты қарау кезінде тірек қабырғаларында және құрылымның өзінде плиталардың бөлінуі байқалды. Бұл жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігіне қауіп төндірді.


 



Екінші: көпірдің гидроизоляциясы бұзылған. Көпір құрылымының астында ағын бар – еріген қар мен жаңбыр суының жиналып, арқалық иілген. Мұндай ақаулар көпірдің апаттық жағдайға жақын екенін көрсетеді.



Үшінші: көпірдің көптеген бөлігінде жартылай құлаған плиталар сұрықсыз көрінеді.


Көпірді жөндеу 2023 жылға жоспарланған жоқ, бірақ тұрғындардың өтініші бойынша ол Сейфуллин көшесіндегі жолдарды ағымдағы жөндеу бағдарламасына енгізілді. Бүлінген гранит плиталар бөлшектеліп, тазартылып, орнына қойылды, жұқа қаптамалар күшейтілген бекітпелерге ауыстырылды. Қазіргі уақытта гранитті сатыларды бөлшектеу, тегістеу және орнату, тіреу қабырғаларын тақта таспен қаптау, аралық құрылыстың қасбеті мен арқалығын бояу жұмыстары аяқталды. Төбелер мен қабырғаларға плиталарды тегістеу және төсеу жұмыстары жалғасып жатыр.



Сейфуллин даңғылындағы тіреу қабырғаларының бірі көпірдің көп жыл пайдалану кезінде құлаған плиталардың жартысына жуығын ауыстыруды қажет етеді. Бұл ретте көпір қаптамасында құрылыс кезінде пайдаланылған гранит плиталар қазіргі уақытта өндірілмейді. Бір қабырғаның гранитті материалға ұқсас плитасын ауыстыру жалпы көрініске әсер етеді. Осыған байланысты тарихи келбетін сақтау мақсатында Түрксіб ауданының әкімі Бақытжан Ақжаров ең көп зардап шеккен қабырғадағы барлық тақтаны заманауи жоғары сапалы аналогтармен ауыстыруды, ал алынған тақталарды басқа аз зақымдалған аумақтағы олқылықтардың орнын толтыру үшін пайдалануды ұсынды. Қайта құру аяқталғаннан кейін қалған материалдың бір бөлігі зақым келіп, қажет болса кейінірек қайта қолдану үшін сақталады.



Анықтама: көпірді реконструкциялау кезінде қолданылатын қаптау материалында қаптау тақталары табиғи тастан – граниттен жасалғанын куәландыратын сапа сертификаты бар.


Қазіргі таңда екі мәселе шешілді – бұл көпірдің қауіпсіздігі мен эстетикасын қамтамасыз ету. Құрылысты гидрооқшаулау мәселесі бойынша қалалық мобилділік басқармасының басшысы Сағындық Телібаев мегаполис әкіміне күрделі жөндеу қажеттігі туралы баяндады.


Нысанды тексеру қорытындысы бойынша қала басшысы Ерболат Досаев жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігі басты орында болуға тиіс екенін атап өтті.





«Қаланың тарихи келбетін сақтау біз үшін маңызды. Біз архитектуралық келбетті бұзбауға тырысамыз. Инфрақұрылымның тозатыны белгілі. Жөндеу жұмыстары барысында қала бойынша нысандардың тарихи келбетін барынша сақтап қалуға тапсырма бердім. Бұл жерде бізде қауіпсіздікпен қатар, сұлулық мәселесі де болды. Бұл жағдайда, әрине, біз бір нәрсені өзгертуге мәжбүрміз, бірақ архитектуралық ансамбльді, құрылымның бастапқы түрін мүмкіндігінше сақтаймыз. Қазір барлық жұмыс сапалы орындалды: жасанды материалдар жоқ, бүкіл жерде табиғи тас тұр», - деді Ерболат Досаев.



Әкім көпір жөндеу жұмыстарын қараша айының басына дейін аяқтауды, сонымен қатар, сараптама жүргізуді және қажет болған жағдайда осы көпір құрылысын күрделі жөндеуді 2024 жылға арналған жұмыс жоспарына енгізуді тапсырды.


 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

21:49

19:02

18:44

18:21

18:04

17:49

17:33

16:55

16:55

16:37

16:15

16:07

15:58

15:19

15:05

14:30

14:22

14:14

13:35

13:10

12:49

12:43

12:32

12:21

12:04