AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Билік / Ералы Тоғжанов көп балалы аналармен кездесті

Ералы Тоғжанов көп балалы аналармен кездесті

Билік 14.05.2022, 11:15 1,198
Ералы Тоғжанов көп балалы аналармен кездесті
Сурет: Еgemen.kz

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов Қарағанды облысына жасаған жұмыс сапары барысында Халықтың табысын арттыру бағдарламасы аясында кәсіпкер – көп балалы аналармен кездесті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Egemen.kz-ке сілтеме жасап.


Олар «Бастау Бизнес» бағдарламасы бойынша оқып, грант алып, өз ісін ашқан. Жұмыстарын үйден атқарады және олардың қызметтері жоғары сұранысқа ие.



«Бізде облыста 16 мың көп балалы ана бар, Қарағанды бойынша – 4700. «Шаңырақ» орталығы тегін заңгерлік және психологиялық кеңес береді. Өз бетінше табыс табуға үйрету үшін шеберлік сабақтарын өткіземіз», деді Қарағанды облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің төрайымы Ләззат Қожахметова.



Кәсіпкерлер өз өнімдерін көрсетті, олардың ішінде аспаздық өнімдер, ұлттық киімдер және т. б. болды. Ұйым белсенділері бағдарламаны жетілдіру бойынша өз ұсыныстарын білдірді. Ералы Тоғжанов аталған бастамаларға оң баға берді. 



«Біз бүгін Қарағанды облысына Халықтың табысын арттыру бағдарламасын жүзеге асыру аясында келдік. Өңірде жұмыс жүргізіліп жатыр. Маңызды әлеует бар. Біз республика көлемінде кеңейтуге тұрарлық нақты мысалдарды көрдік. Бұл орталық әлеуметтік көмек көрсетіп қана қоймай, тұрақты табыс табуға мүмкіндік береді. Мұндай бастамаларды дамытып, қолдау қажет», деп атап өтті Вице-Премьер.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#кәсіпкер #Бастау бизнес #шаңырақ
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Франк-Вальтер Штайнмайер кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді

Бүгін 20:30

Зияткерлік жарыс алматылық білімді жастарды біріктірді

Бүгін 19:01

Қазақстан мен ГФР президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді

Бүгін 18:30

Алматының арнайы мектептерінде инклюзияның жаңа тәсілдері енгізілуде

Бүгін 18:13

Абай университетінің ғалымдары мектеп оқушыларына сабақ берді

Бүгін 18:07
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);