Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Энергетика министрлігі газ бағасының неге көтерілг...

Энергетика министрлігі газ бағасының неге көтерілгенін түсіндірді

Әлеумет 02.01.2022, 13:07 1,239
Энергетика министрлігі газ бағасының неге көтерілгенін түсіндірді
Cурет: Zakon.kz

Зауыттар штаттық режимде жұмыс істеп тұр


ҚР Энергетика министрлігі электрондық сауда алаңдары арқылы сұйытылған мұнай газын саудалау 2019 жылы қолға алынғанын еске салды. Бұл процесс үш жыл ішінде кезең-кезеңімен жүзеге асырылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Энергетика министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап тауар биржалары арқылы ТМД сауда-саттық алаңына толығымен өттік.



«Электрондық сауда-саттық арқылы газ сату нарықтың барлық қатысушылары үшін тең және алаламайтын жағдайлар тудырып, ТМД-ның қажетті көлемдерін тікелей өндірушілерден сатып алуға мүмкіндік береді»,-делінген хабарламада.



Ведомствоның мәліметінше, 2022 жылдың қаңтар айында тауар тасымалдаушылар Маңғыстау облысы үшін өндірушілерден 17 406 тонна сұйытылған мұнай газын сатып алған.


20-24 желтоқсан аралығында электронды сауда алаңында бес сауда сессиясы өткізілді, оның барысында сұраныс пен ұсыныс негізінде сұйытылған мұнай газының бағасы қалыптасты.


Маңғыстау облысында қаңтар айында сұйытылған газды жеткізуде бір тоннасы үшін орташа көтерме бағасы 133 126 теңгені немесе бір литрі 78 теңгені құрады. Бұл ретте Ақтау, Жаңаөзен қалаларында, сондай-ақ Маңғыстау ауданында бөлшек сауда баға, мәселен сұйытылған газдың бір литрі 100-120 теңгені құрады.


Министрлік қаңтар айындағы сауда-саттық сессиялары штаттық режимде өткенін атап өтті. Нарық механизмі өңірлердің көлемге қажеттілігін реттеді. Енді бүгінде сұйытылған газдың қажетті бұл көлемдері өңірлер бойынша жөнелтіліп жатыр.


2 қаңтарда Жаңаөзен тұрғындарының сұйытылған газ бағасына қатысты наразылық білдіргені белгілі болды.


Маңғыстау облысының энергетика және ТКШ басқармасының басшысы Бердібек Қартбаев бүгінгі таңда өңірде қажетті газ көлемі бар екенін атап өтті. Зауыттар штаттық режимде жұмыс істеп тұр, ал тауарды жеткізу кесте бойынша жүзеге асырылады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#газ #баға #министрлік
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды азаматтарды жеке мәселесі бойынша қабылдады

Бүгін 17:46

«Дос-Мұқасан» алғашқылардың бірі болып қол қойды: Алматыда Гиннес рекордына ресми старт берілді

Бүгін 17:26

ҚСЗИ-де жас сарапшылар жаңа Конституцияның негізгі жаңашылдықтарын талқылады

Бүгін 17:19

Еңбек ұжымы жаңа Конституцияны қолдады

Бүгін 17:12

Алматы бизнес қауымдастығы референдумды қолдады

Бүгін 16:59
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі