AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мұны білген жөн / Енді қазақстандықтар зейнетақы ақшасын тіс емдеуге...

Енді қазақстандықтар зейнетақы ақшасын тіс емдеуге мүлде жұмсай алмайды

Мұны білген жөн 16.09.2025, 17:49 613
Енді қазақстандықтар зейнетақы ақшасын тіс емдеуге мүлде жұмсай алмайды
depositphotos.com

Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі 2021 жылғы 15 ақпандағы "Емделу үшін біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына өзгерістер енгізіп жатыр. Өзгерістер зейнетақы жинақтарын тіс емдеуге пайдалануға тыйым салуды көздейді, - деп хабарлайды Аqshamnews.kz тілшісі. 

Денсаулық сақтау министрлігі мұндай шешім зейнетақы жинақтарын стоматологиялық қызметтер арқылы заңсыз шығару деректерінің көптігіне байланысты қабылданғанын түсіндірді.

"Жобада тіс протездеу және имплантация сияқты стоматологиялық қызметтерге біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану нормасын алып тастау көзделген. Шешім медициналық құжаттарды қолдан жасау және зейнетақы жинақтарын мақсатсыз пайдалану жағдайының көптеп кездесуіне байланысты қабылданды", – делінген құжат жобасында.

Талдау нәтижелері бойынша, азаматтардың стоматологиялық қызметтерді төлеуге берген өтінімдері алаяқтық схемалар арқылы бірқатар клиникалардың пайдасына шығарылған. Осыған байланысты 15 қыркүйектен бастап зейнетақы қаражаты есебінен медициналық көмектің бұл түрін қаржыландыруға өтінім қабылдау тоқтатылды.

"Отбасы банк ақпараты бойынша, 2021 жылдан 2025 жылғы 20 тамызға дейін enpf-otbasy.kz платформасы арқылы тек "Стоматологиялық қызметтер" мақсаты бойынша 757 миллиард теңгеге 795 424 транзакция жүргізілген. Талдау нәтижесі бойынша, 222 миллиард теңгеден астам қаржы ТОП-20 стоматологиялық клиникаға бағытталған. Бұл клиникалардың басым бөлігі Қазақстанның ірі қалаларында орналасқан", – деп хабарлады ведомство.

Мән-жайы

Бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігі "Ашық НҚА" порталында стоматологиялық қызметтердің ақысын төлеу үшін біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану нормасын толықтай алып тастау ұсынылған бұйрық жобасын жариялаған болатын. Құжат қоғамдық талқылауға шығарылды.

Араға күн салып, Отбасы банк стоматологиялық қызметтерге өтінім қабылдауды уақытша тоқтатқанын хабарлады. Банкте бұл шешімді қаражатты мақсатсыз пайдалану деректерінің көптігі және құжаттардың қолдан жасалуымен түсіндірді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#тіс #БЖЗҚ #ақша
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «WorldSkills Almaty – 2026» ауқымды кәсіби шеберлік чемпионаты басталды

Бүгін 18:14

Дархан Сатыбалды Айнабұлақтағы көріктендіру жұмыстарын тексерді

Бүгін 15:15

Нұрлан Байбазаров Президенттің көмекшісі болып тағайындалды

Бүгін 14:14

Ерболат Досаев Президентінің Әкімшілігі басшысының орынбасары лауазымынан босатылды

Бүгін 14:11

Серік Сәпиев тағы бір лауазымға ие болды

Бүгін 13:20
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика