конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мұны білген жөн / Енді психологтар тіркеуге тұрады

Енді психологтар тіркеуге тұрады

Мұны білген жөн Бүгін 10:10 40 yakiya
Енді психологтар тіркеуге тұрады

Тоқаев «Психологиялық қызмет туралы» Заңға қол қойды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Қазақстан президенті қол қойған «Психологиялық қызмет туралы» Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

Осыған дейін жария болған ақпаратқа сүйенсек, негізгі мақсат – Қазақстанда психологиялық қызметті жүзеге асырудың құқықтық, ұйымдық және әдептік негіздерін қамтамасыз ету.

Енді психологтардың:

  • жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе медициналық білімі болуы;

  • жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында кемінде 900 сағаттық қайта даярлаудан өтіп, біліктілігін растауы;

  • мемлекеттік тіркеуге тұруы тиіс.

Заңда психологтардың мемлекеттік тізілімін құру көзделген. Кәсіби біліктілікті тану саласындағы уәкілетті орган мамандарды тіркеу тәртібін бекітетін болады.

Құжатқа сәйкес, психологтарға медициналық диагностика жүргізуге және дәрі-дәрмекпен емдеуді тағайындауға, психобелсенді заттарды немесе санаға әсер ететін өзге де психобелсенді әдістерді қолдануға тыйым салынады. Сондай-ақ мамандарға ата-анасының хабардар етілген келісімінсіз кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге болмайды. Бұл норма білім беру ұйымдарының жұмысына, көмек заңнамаға сәйкес көрсетілетін төтенше немесе дағдарыстық жағдайларға қатысты емес.

Кез келген психологиялық жұмыстың алдында клиенттер хабардар етілген келісімін беруі керек.

Талаптарды бұзғаны үшін психологтарға айыппұл салынады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#психология
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жаңа конституция белсенді жастарға қосымша мүмкіндік берді

Бүгін 11:42

Елдегі электромобильдердің 60% астамы Алматы қаласында шоғырланған

Бүгін 11:35

Жаңа конституцияда адам капиталына мән берген

Бүгін 11:21

Бауыржан Маханбет: Жаңа Конституция – жастардың азаматтық жауапкершілігін арттыратын негіз

Бүгін 11:04

«Киберқылмыстың алдын алу және цифрлық қауіпсіздік» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті

Бүгін 10:25
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);