AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Енді IT-мамандыққа түсетін талапкерлер информатика...

Енді IT-мамандыққа түсетін талапкерлер информатикадан тест тапсырады

Білім және ғылым 12.09.2022, 09:47 1,956
Енді IT-мамандыққа түсетін талапкерлер информатикадан тест тапсырады
Сурет: Inside-pr.ru

Бұл туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мәлімдеді.


Биылғы оқу жылынан бастап ІТ-мамандықтарды меңгергісі келетін талапкерлер ҰБТ-да информатика пәнінен тест тапсырады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz



«Осы оқу жылынан бастап IT-мамандықтарға түсетін талапкерлер қажетті пәндердің бірі ретінде информатикадан тест тапсырады. Бұл - қуантарлық жаңалық. Біз бұл мәселені Білім министрлігімен бірге бұрыннан бері пысықтап келдік», - деп жазды министр әлеуметтік желідегі парақшасында.



Айтуынша, информатиканы ҰБТ-ның бейінді пәндер тізіміне кіргізу арқылы пәнді оқуға қызығушылық танытқан оқушылар санын ұлғайтуға мүмкіндік болады. Ал бұл өз кезегінде информатика мұғалімдері кәсібінің беделі мен мәртебесін арттырады.



«Әрбір адам, мәселен, математиканы білгені сияқты бағдарламалау негіздерін де білуі керек деп ойлаймын. Бағдарламалау кез келген кәсіпте пайдалы болуы мүмкін, мейлі, ол медицина болсын, инженерлік сала болсын. Өйткені болашақтың барлық мамандығы IT саласымен байланысты болатыны шындық», - дейді Мусин.



Еске салсақ, биыл ақпан айында Оқу-ағарту министрлігі (бұрынғы Білім және ғылым министрлігі) ІТ-бағыттар бойынша оқуға түскісі келетін талапкерлер ҰБТ-да физика емес, информатика пәнінен тест тапсыратынын мәлімдеген еді.


Ведомство 2022-2023 оқу жылынан бастап «Информатика мұғалімдерін даярлау», «Ақпараттық технологиялар» және «Ақпараттық қауіпсіздік» білім бағдарламалары топтарына түсетін оқушылар ҰБТ-да «Математика+Физика» орнына «Математика+Информатика» комбинациясын тапсыратынын хабарлады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Талапкер #информатика #білім
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Кеше 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);