Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Өмір-өзен / Енді 17 желтоқсан жұмыс күні болады

Енді 17 желтоқсан жұмыс күні болады

Өмір-өзен 30.09.2022, 09:33 2,496
Енді 17 желтоқсан жұмыс күні болады
Сурет: Сalendarbox.ru

Тәуелсіздік күні тек 16 желтоқсанда атап өтіледі.


Қазақстанда желтоқсан айындағы демалыс күндердің саны қысқарды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Нормативтік-құқықтық актілердің ақпараттық-құқықтық жүйесінде «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» заңның жаңа редакциясы жарияланды.


Оған сәйкес, енді қазақстандықтар Тәуелсіздік күнін тек 16 желтоқсанда атап өтеді. Сәйкесінше, сол күні демалады. Ал 17 желтоқсан – жұмыс күні.


Сондай-ақ Тәуелсіздік күні «ұлттық мереке» деген мәртебесінен айырылды. Бұдан былай ол мемлекеттік мереке саналады.


Бұған дейін заң бойынша Тәуелсіздік күні 16 және 17 желтоқсан аталып өтетін.


Сонымен қатар осы заңда 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күні мемлекеттік мерекелер қатарынан алынып тасталды. Енді бұл күні демалыс болмайды.


Бұдан бөлек, күнтізбеге 25 қазанда тойланатын ұлттық мейрам – Республика күні еніп отыр.


Айта кетері, биыл ел халқы Республика күніне орай қатарынан үш күн – 23, 24 және 25 қазан демалады. Ал сенбі, 22 қазан жұмыс істейді.


Кеше Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кинематография, мәдениет және мерекелер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Тәуелсіздік #мереке #заң
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Медеу ауданында кәсіби бағдар беру акциясы жалғасып жатыр

Кеше 22:20

3 мыңнан астам өтінім: Алматыда JAS GALA ауқымды студенттік шығармашылық фестивалі басталды

Кеше 18:27

«Amanat» қолдауы нақты нәтижеге жеткізді: алматылық отбасының өмірі қалпына келтірілді

Кеше 17:55

Тоқаев Дина Исламбекова мен Надежда Рябецті бокстан Азия чемпионы атануымен құттықтады

Кеше 17:38

Қазақстан Қорғаныс министрінің цифрландыру жөніндегі орынбасары Бакуге сапармен барды

Кеше 17:32
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика