Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Еңбекпен шыңдалған жетістік – жастарға тағылымды к...

Еңбекпен шыңдалған жетістік – жастарға тағылымды кездесу

Барлығы 05.10.2025, 12:42 641
Еңбекпен шыңдалған жетістік – жастарға тағылымды кездесу
сурет: Алматы әкімдігі

«Жұмысшы мамандықтар жылы» аясындаАлматы Қаласы Ішкі саясат басқармасының Қоғамдық даму орталығы жастарға арналған ерекше тағылымды шара ұйымдастырды,-деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

WORKSHOP форматында жүзеге асып келе жатқан«Еңбек пен шеберлік» жобасының кезекті кездесуі«Еңбекпен шыңдалған жетістік» атты тақырыпта өтті.

​Бұл шараның басты мақсаты – жас ұрпақтың кәсіби бағдарын қалыптастыру, болашақ мамандық таңдау барысында дұрыс бағыт беру және еңбек нарығында өз орнын табуға көмектесу. Өйткені бүгінгі таңда қоғамда біліммен қатар еңбекқорлықпен табандылықты бойына сіңірген, өз ісінің нағыз шебері бола алатын мамандар аса қажет.

​

Кездесудің басты қонағы – Алматы локомотив пайдалнау депосының басшысы, тәжірибелі маман әрі өз ісіне адалдығымен танылған Сатыбалды Айдын Ешмұхамбетұлы болды. Ол өзінің еңбек жолын жұмысшыдан бастап, табандылығы мен еңбексүйгіштігінің арқасында басшылық деңгейіне дейін көтерілгенін жасырмай дәлелдеді. Айдын Ешмұхамбетұлы кәсіби жолдың әр қадамына тоқталып, жастық шақтағы ізденістер мен қиындықтарды қалай еңсергенін баяндап берді.«Еңбектің ең асыл жемісі – шыдамдылық пен табандылық. Егер адам өз ісіне адал болса, кәсібін сүйсе, қандай да бір қиындықты еңсеріп, арманына жете алады. Жұмысшы мамандығы – үлкен тәжірибенің бастауы әрі кәсіби биікке апаратын алғашқы қадам», – деді ол жастарға арнаған сөзінде.

​Кездесу барысында жастар тек тыңдаушы болып қана қойған жоқ, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, ашық пікір алмасты. Болашақ мамандықты таңдаудағы жауапкершілік, еңбек нарығындағы сұранысқа ие салалар және кәсіби дамудың маңызы жөнінде ой бөлісті.

​Жиын соңында қатысушылар жұмысшы мамандықтарының болашағы бар екенін түсініп, еңбекқорлықтың табысқа бастайтын басты құндылық екенін терең ұғынды. Әсіресе, қарапайым жұмысшыдан жетекші тұлғаға дейін өскен тәжірибелі маманның өмірлік тәжірибесіжастарға үлкен серпіліс берді.

​Осындай кездесулердің мәні – жастарға еңбекке құрметпен қарауды үйрету, табысқа жетудің тек төзімділік пен адал еңбектің арқасында мүмкін болатынын сезіндіру. «Еңбекпен шыңдалған жетістік» атты тағылымды кездесу – жас буын үшін өмірлік сабақ қана емес, болашаққа бағыт-бағдар берген ерекше басқосу болды.​

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Жұмысшы мамандықтар жылы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Сенатор Бибігүл Жексенбай референдум қарсаңында "Қазатомөнеркәсіп" ұжымымен кездесті

Бүгін 08:51

Дәрігер адамның жүрісі психикалық жағдайға қалай әсер ететінін түсіндірді

Кеше 17:31

Алматыда терроризмді насихаттау және жалған хабарлама үшін жауаптылық еске салынды

Кеше 17:14

Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығына арналған салтанатты концерт өтті

Кеше 17:14

Алматыда «Жасыл болашақ» жобасы басталды

Кеше 17:11
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі