Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Еңбекақыны көтеру және шетелде тәжірибеден өту

Еңбекақыны көтеру және шетелде тәжірибеден өту

Әлеумет 04.05.2025, 11:29 576
Еңбекақыны көтеру және шетелде тәжірибеден өту
gov.kz

Су ресурстары және ирригация министрлігі су саласы қызметкерлерін әлеуметтік қолдау шараларын әзірледі

Су ресурстары және ирригация министрлігі су саласында жұмыс істейтін мамандарға әлеуметтік қолдау көрсету үшін бірқатар іс-шаралар әзірледі. Атап айтқанда, министрлік «Табиғи монополиялар туралы» заңға өзгерістер енгізуді ұсынды. Бұл өзгерістер су саласы қызметкерлерінің еңбекақысын электр және жылу саласында істейтін мамандардың жалақысымен теңестіруге бағытталған.

Қазіргі уақытта заң жобасы Сенаттың қарауына жіберілді. Түзетулер қабылданған жағдайда, ол 2025 жылдың екінші жартысында су саласы қызметкерлерінің жалақысын 50%-ға дейін өсіруге мүмкіндік береді. Бұл салада кадр тапшылығын азайтып, білікті мамандарды тартуға көмектеседі.

Мемлекет басшысы жариялаған «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында Су ресурстары және ирригация министрлігі салалық жоспар әзірледі. Онда жаңа жұмыс орындарын ашу, кәсіби стандарттарды дайындау және мамандардың біліктілігін арттыру жұмыстары қамтылған. Мұндай іс-шараларды жыл сайын өткізу жоспарланып отыр.

Қытай, Франция, Израиль, Нидерланд және АҚШ сияқты елдермен қазақстандық кадрларды қайта даярлау бойынша келісімдер жасалды. Қазірдің өзінде ондаған маман шетелде оқып келді. Бұл ретте барлық шығынды қабылдаушы тараптар өтеді.

Сондай-ақ «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында «Отбасы банк» су шаруашылығы саласы мамандарына жеңілдетілген шарттармен тұрғын үй сатып алуға мүмкіндік беретін ипотекалық бағдарламаны іске қосты.

«Дипломмен ауылға» бағдарламасына «Гидротехник-инженер», «Су ресурстары және су пайдалану», «Мелиорация, рекультивация және жерді қорғау» мамандықтары қосылды. Ауылға қоныс аударған су мамандарына берілетін бюджеттік несие көлемі 7,8 млн теңгеге дейін ұлғайтылды.

Сонымен бірге «ҚР Мемлекеттік наградалар туралы» заңына толықтырулар енгізілді. Су шаруашылығы саласының дамуына елеулі үлес қосқан мамандарға «Қазақстанның су шаруашылығы саласының еңбек сіңірген қайраткері» атағы беріледі.

«Қазақстанның су шаруашылығы саласында 10 мыңға жуық адам еңбек етеді. Оларға қолайлы еңбек жағдайын жасап, лайықты жалақымен қамтамасыз ету біз үшін маңызды. Су шаруашылығы саласы мамандарын әлеуметтік қолдау, сондай-ақ оларды қайта даярлау инфрақұрылымды дамыту мен нормативтік құқықтық базаны жетілдіруден кем емес. Былтыр 7 мыңнан астам адамның жалақысы орта есеппен 25%-ға өсті. Су шаруашылығы мамандығының беделін арттыру үшін министрлік бұл бағыттағы жұмысты жалғастыра береді», – деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #су шаруашылығы #жұмыс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жыр алыбы - Жамбыл туралы жеті дерек

Бүгін 20:37

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Михаил Шайдоровты Олимпиада ойындарындағы тарихи жетістігімен құттықтады

Бүгін 17:46

Тоқаев шұғыл шаралар жоспарын әзірлеуді тапсырды

Бүгін 16:51

Қазақстанда сирек кездесетін ауруларға бөлінетін қаржы 23 есе артты

Бүгін 16:25

Бас прокуратура ескерту жасады: интернет-алаяқтар deepfake арқылы алдауға көшкен

Бүгін 15:23
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі