Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Еңбек өтілі 10 жылдан асатын педагогтерге 35% үсте...

Еңбек өтілі 10 жылдан асатын педагогтерге 35% үстемеақы төленіп, сарапшы санаты беріледі

Білім және ғылым 06.04.2023, 11:42 2,183
Еңбек өтілі 10 жылдан асатын педагогтерге 35% үстемеақы төленіп, сарапшы санаты беріледі
Сурет: Ahpc.edu.kz

2023 жылдан бастап кемінде 5 жыл жұмыс өтілі бар өндірістен тартылған педагогтерге аттестаттаудан өтпей «педагог – модератор» біліктілік санаты беріледі.


Сондай-ақ, Оқу-ағарту министрлігі оларға жалақысының 30% мөлшерінде қосымша ақы төленетінін де мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпарата сілтеме жасап. 


Еңбек өтілі 10 жылдан асатын педагогтерге жалақыға 35% үстемеақы төленіп, сарапшы санаты беріледі. Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Техникалық және кәсіптік білім департаментінде айтылды.



«Барлық қажетті кәсіби технологияларды меңгерген білікті маман даярлауда негізгі орын оқу шеберлері мен колледждің арнайы пән педагогтеріне тиесілі. Өйткені олар студенттерге білім беріп қана қоймай, дағды қалыптастыру үшін өзінің өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп, өндірістегі білгенін үйретеді. Сондықтан өндірістен тартылған педагогтер үшін осы шаралар қарастырылған. Колледждерде алғаш рет педагогикалық қызметке кіріскен және кемінде 2 жыл өндірістік өтілі бар мамандар тестілеуден өтпей-ақ «педагог» біліктілік санатын ала алады. Сонымен қатар өндірістік оқыту шеберлері мен арнайы пән оқытушылары аттестаттаудан өту кезінде тестілеуден босатылады, тек қызмет нәтижелерінің жалпы кешенді тексеруінен өтеді. Бұл өзгерістер колледж педагогтерін ынталандыратын болады және кадр даярлау сапасын арттырады»,– дейді департамент директоры Ернат Жүнісов.



Сондай-ақ, зейнеткерлік жасына 4 жыл қалған педагогтер, 30 және одан да көп жыл педагогикалық өтілі бар педагогтер бұрын берілген біліктілік санатын растаған кезде тестілеуден босатылатын болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#педагогтер #үстемақы #біліктілік
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Шетелдік инвестор Қазақстандағы реформаларға жоғары баға берді

Бүгін 18:01

Қаланың үздік студенттері WorldSkills Almaty 2026 чемпионатында бақ сынап жатыр

Бүгін 17:56

Өскеменде 16 жастағы қызды жігіті пышақтап кеткен

Бүгін 17:13

Алматы Наурызды рекордтармен, цифрлық киіз үйлермен және жаңа форматтағы қалалық кеңістіктермен атап өтті

Бүгін 16:30

Абай университеті – әлемдік элитада: педагогтар даярлау бойынша әлемнің топ-50 қатарына енді

Бүгін 16:27
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика