Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Еңбек министрлігі онлайн оқыту порталын іске қосты

Еңбек министрлігі онлайн оқыту порталын іске қосты

Әлеумет 07.07.2021, 08:42 1,538
Еңбек министрлігі онлайн оқыту порталын іске қосты
Сурет: Zen.yandex.ru

Қазірдің өзінде онлайн курстардың авторлары мен әзірлеушілері мүдделі азаматтар үшін өздерінің оқыту бағдарламаларын ұсынуға дайын.


ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ skills.enbek.kz қысқа мерзімді онлайн курстарға оқыту порталын іске қосты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Министрліктің мәліметінше, портал маркетплейс (қызметтер нарығы) қағидаты бойынша онлайн курстарды ұсынатын халықаралық оқыту алаңдарының қазақстандық баламасы болып табылады. Ресурс жалпы ел халқының білім деңгейі мен кәсібилігін арттыру, мансаптық дамуын ынталандыру және «өмір бойы оқыту» тұжырымдамасын ілгерілету мақсатында құрылды.


Іске қосу кезінде қазақстандық авторлар мен әзірлеушілер аспаздық және кулинариялық іс, косметикалық, заңдық және бухгалтерлік қызметтер, құрылыс, қонақүй және мейрамхана ісі, іс жүргізу, IT, SMM салалары бойынша курстар ұсынады.



Кез-келген азамат https://skills.enbek.kz/ сілтемесі арқылы немесе enbek.kz Электронды еңбек биржасында «Онлайн оқытуды» таңдау арқылы талап етілетін біліктілікке оқытуға немесе біліктілікті арттыру курстарына қол жеткізе алады. 



Курстардың авторлары мен әзірлеушілері қазақстандық заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер, соның ішінде оқу орталықтары, білім беру ұйымдары да бар. Олар қазірдің өзінде курстарды орналастыру үшін тегін алаң ұсынуда, онлайн оқытуды дамытуға жәрдемдесуде, қосымша кіріс көзін алуда порталдың артықшылықтарын көріп отыр.


Жаңа бастаған авторлар мен әзірлеушілер үшін порталда онлайн курстарды құру бойынша әдістемелік ұсынымдар және оларға қойылатын талаптар әзірленді және орналастырылды.


«Skills.enbek.kz порталында тіркелу мен жұмыс істеудің барлық мәселелері бойынша ҚР Еңбекмині «ЕРДО» АҚ жауапты қызметкерлерімен байланысуды сұраймыз:


- Айбульдинова Айнұр, телефон: 8 (7172) 95 43 17 (іш.864), 87059873477, электрондық пошта: a.aibuldinova@enbek.kz;


- Капитонова Динара, телефондар: 8 (7172) 95 43 17 (іш.864), 87072503337, электрондық пошта: d.kapitonova@enbek.kz;


- Бидахметова Венера, телефондар: 8(7172) 95 43 17 (іш.864), 87789302101, электрондық пошта: v.bidakhmetova@ enbek.kz», - делінген баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#спорт #Велоспорт #Қазақстан #жұмыс #еңбек #онлайн #портал
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жайдарманның үздік командалары Алматыда бас қосты

Бүгін 20:41

Алматыда Зенков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Бүгін 20:35

Өмірзақ Айтбаевтың 90 жылдығына арналған ғылыми жиын өтті

Бүгін 19:18

Алматыда 3 сәуірден бастап жылу кезең-кезеңімен өшіріле бастайды

Бүгін 19:13

Алматыда Жамақаев көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Бүгін 18:43
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика