AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Еңбек министрлігі жұмыссыз жастарға хабарлама жіб...

Еңбек министрлігі жұмыссыз жастарға хабарлама жібереді

Әлеумет 08.02.2023, 08:59 954
Еңбек министрлігі жұмыссыз жастарға  хабарлама жібереді
Сурет: AndroidInsider.ru

SMS 1414 нөмірінен келеді.


Хабарлама 13 ақпаннан бастап жолданады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 23 жастан 35 жасқа дейінгі жұмыссыз жүрген 12 мың жас азаматқа SMS жолдайды. Министрліктің халықты жұмыспен қамту департаментінің директоры Асқар Ниязов хабарлама не үшін жіберілетінін түсіндірді.



"Бұрын біз жұмыссыз жүрген азаматтардың өздері өтініш жібергенін күтіп отыратын едік. Енді біз олардың телефонына өзіміз СМС жібереміз. Хабарламада Еңбек министрлігі әлгі азаматқа жұмыс іздеу мүмкіндігін пайдалануды, тегін оқудан өтуді немесе жұмысынан айырылу бойынша әлеуметтік төлем алуды ұсынады. Қосымша ақпарат қажет болса, хабарламада тұрған сілтемені басуға болады. Сілтемеге өткен адам қандай бос жұмыс орындары бар, біліктілікті арттыру курстарына қалай баруға болады деген сияқты сұрақтарға жауап алады. Немесе 1414 нөміріне қоңырау шалуға болады", - деп түсіндірді Ниязов.



Айтуынша, министрлік жұмыссыз жастарды 8 әлеуметтік топ бойынша іріктеп алған. Әр жас тобы бойынша 1 000 SMS-хабарлама жіберу жоспарланып отыр.



"Бұл - біздің алғашқы пилоттық жобамыз. Сол себепті 12 мың хабарламамен шектеліп қалмаймыз. Бұдан кейінгі кезеңдерде біз SMS санын ұлғайтамыз", - деді департамент директоры.



Ниязовтың айтуынша, қазір республика бойынша жастар арасындағы жұмыссыздық көрсеткіші – 3,8 пайыз немесе 80 мың адам. Олардың көбі Түркістан, Жамбыл облыстары мен Алматы қаласынан.


SMS-хабарлама жіберу арқылы министрлік халықпен кері байланыс орнатуды көздеп отыр. Өйткені жұмыссыздар арасында өзін-өзі жұмыспен қамтып отырған, бірақ зейнетақы жарнасын, әлеуметтік аударымдарды төлемейтін азаматтар болуы мүмкін. Яғни хабарлама жолдау арқылы осы санаттағы азаматтардың қазіргі статусы да анықталады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#смс #жұмыссыз #еңбек
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «жасыл» энергетиканы дамыту аясында заманауи қоқыс өңдеу зауыты салынбақ

Бүгін 16:42

Алматыда 55 мыңнан астам адам қатысқан ауқымды сенбілік өтті

Бүгін 15:50

Алматыда БАҚ өкілдері футболдан бақ сынады

Бүгін 15:12

Бұтақты шатқалында 700-ден астам адам бас қосты

Бүгін 14:09

Алматыда тротуарлар арнайы тазартқыш құралдармен жуылып жатыр

Бүгін 14:04
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика