AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Ресми бөлім / Еңбек күні қарсаңында Олжас Бектенов «Еңбек – ел м...

Еңбек күні қарсаңында Олжас Бектенов «Еңбек – ел мұраты» іс-шарасына қатысты

Ресми бөлім Бүгін 13:20 43
Еңбек күні қарсаңында Олжас Бектенов «Еңбек – ел мұраты» іс-шарасына қатысты
Primeminister.kz

Премьер-министр Мемлекет басшысы Еңбек адамына ерекше мән беретінін атап өтті, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Еңбек күні қарсаңында Премьер-министр Олжас Бектенов «Еңбек – ел мұраты» іс-шарасына қатысты.

Елімізде Президенттің бастамасымен 2013 жылдан бері аталып өтетін Еңбек күні қарсаңында Премьер-министр Олжас Бектенов «Еңбек – ел мұраты» іс-шарасына қатысып, халықты жұмыспен қамту, кадрлар даярлау және өндірістік қауіпсіздік саласындағы ЖИ элементтері бар заманауи шешімдермен танысты.

Онда жұмыспен қамтылмаған азаматтарды автоматты түрде анықтайтын және оларға жұмыс ұсынатын Жұмыспен қамтудың цифрлық қызметі платформасы көпшілік назарына ұсынылды. Пилоттық жоба Павлодар және Маңғыстау облыстарында 59 мыңнан астам азаматты қамтыды. Қараша айынан бастап жүйе басқа өңірлерге кеңінен таратылмақ.

Астана әкімдігі Joltap бағдарламасының нәтижелерімен таныстырды, жоба шеңберінде бизнесті немесе фрилансты одан әрі іске қосу үшін 22,2 мың адам жұмыс және цифрлық дағдылар бойынша білім алды. Оның 60%-ы жұмысқа орналастырылды, 2 мыңға жуық адам өздерінің шағын бизнесін ашты.

ТжКБ-ның цифрлық дуальды оқыту платформасы жобасы студенттердің, оқытушылар мен жұмыс берушілердің тікелей байланысын қамтамасыз етеді: Астана қаласының қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжі түлектерінің білім алған мамандығы бойынша жұмысқа орналасуы 93%-ға жетті.

Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында цифрлық шешімдер кешені, электрондық наряд-рұқсаттар, жүргізушілердің жағдайын бақылау жүйелері, сондай-ақ нысандарды салу кезінде жарақаттанудың алдын алуға арналған бейнеаналитикасы бар «Ақылды каска» сияқты жасанды интеллект шешімдері ұсынылды.

Бүгінгі таңда Қазақстанда 9,4 млн адам еңбек қызметімен қамтылды, жыл басынан бері 475 мыңнан астам азамат жұмысқа орналасты, электрондық еңбек биржасында 800 мыңнан астам бос жұмыс орны бар. Үкімет өндірістің нақты қажеттіліктері мен еңбек нарығындағы өзгерістерді ескере отырып, кадрларды даярлау бойынша жүйелі шаралар қабылдауда. Кәсіптік оқытуды және технологиялық әрі экономикалық өзгерістерді ескере отырып, мамандарды даярлауды озық қарқынмен дамытуды көздейтін жаңа Жұмыспен қамту бағдарламасы әзірленуде. Цифрлық құзыреттілікті дамытуға ерекше көңіл бөлінеді. Жыл соңына дейін кәсіптік стандарттармен 600 жұмысшы мамандықты қамту жоспарлануда. ТжКБ жүйесінде жұмыс берушілермен бірлесіп мамандар даярлау күшейтіледі. Дуальды оқытуға 552 колледждің 138 мың студенті және 11 мыңға жуық кәсіпорын қатысады, тағы 43 мың студент жұмыс берушілердің мақсатты тапсырысы бойынша білім алуда.

Олжас Бектенов Мемлекет басшысы Еңбек адамына ерекше мән беретінін атап өтті. Қазақстан Халық Кеңесінің бірінші сессиясы барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Әр азаматтың өмірде өз орнын тауып, отбасын адал еңбекпен асырауына және Отанына пайдасын тигізуге жағдай жасау – ортақ міндетіміз» деп айқындап берді. «Адал азамат» тұжырымдамасына сәйкес еңбекқорлық, жауапкершілік және білімге деген ұмтылыс маңызды қасиеттер ретінде анықталды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Шымкентте белгілі асабадан есірткіге ұқсас заттар тәркіленді

Бүгін 13:08

Маңғыстауда қаза тапқан әскери қызметшілермен қоштасу рәсімі өтті

Бүгін 12:43

Қазақстан құрамасы Азия ойындарының алтыншы жарыс күнінде бес медаль жеңіп алды

Бүгін 12:05

Алматыда Қазақстан мен Қытайдың ынтымақтастығы талқыланды

Бүгін 11:29

Қазақстан мен Непал өзара визалық талаптардан босату туралы келісімге қол қойды

Бүгін 11:02
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);