AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Еңбек жағдайлары зиянды жұмыста істейтіндерге 245...

Еңбек жағдайлары зиянды жұмыста істейтіндерге 245 млн теңгеге арнаулы әлеуметтік төлем төленді

Әлеумет 13.03.2024, 10:23 1,142
Еңбек жағдайлары зиянды жұмыста істейтіндерге 245 млн теңгеге арнаулы әлеуметтік төлем төленді
Сурет: Gov.kz

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында «Зенит» Орал зауыты» АҚ еңбек ұжымымен кездесу өткізді.


Ол еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарда ұзақ уақыт бойы жұмыс істеген қазақстандықтарға арналған арнаулы әлеуметтік төлем және 2030 жылға дейінгі қауіпсіз еңбек тұжырымдамасы туралы баяндады.


Катерлер, кемелер және мұнай-газ секторында жұмыс істейтін компанияларға арналған жабдықтар өндіруге маманданған кәсіпорында 788 адам жұмыс істейді, орташа жалақысы 250 мың теңгені құрайды. Ұжыммен кездесу барысында Светлана Жақыпова ұзақ уақыт бойы еңбек жағдайлары зиянды жұмыста істеген адамдарды әлеуметтік қорғау деңгейін арттыру үшін Қазақстанда 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша енгізілген арнаулы әлеуметтік төлемді (бұдан әрі – АӘТ) тағайындау шарттары туралы егжей-тегжейлі айтып берді.


АӘТ тағайындау үшін 55 жасқа толу және Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында (юұжан әрі – БЖЗҚ) кемінде 7 жыл кәсіптік зейнетақы аударымдарының болуы міндетті шарттар болып табылады. Төлем зейнеткерлік жасқа дейін төленеді. Арнаулы әлеуметтік төлемдерді алу үшін еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен айналыспауға тиіс. Жұмыскерлер жеңіл жұмысқа ауыса алады, содан кейін олар жалақы мен төлем алады немесе демалысқа шығып, зейнетке шыққанға дейін арнаулы әлеуметтік төлемдер алады.


БЖЗҚ деректері бойынша АӘТ тағайындау үшін міндетті шарттарды ескере отырып, оған 2024 жылы 37 мыңнан астам жұмыскер, 2030 жылы – 58 мыңнан астам, 2035 жылы – 95 мыңнан астам жұмыскер үміткер бола алады. Осылайша, әлеуетті төлем алушылар саны жыл сайын ұлғаяды.


Алдын ала деректер бойынша, 2024 жылы арнаулы әлеуметтік төлемнің орташа мөлшері жалпы алғанда 208 мың теңгеден асады. Әрбір жұмыскер үшін төлем мөлшері БЖЗҚ-дағы жинақтарға байланысты болады. Бұл ретте жыл сайын арнаулы әлеуметтік төлем мөлшері ең төмен күнкөріс мөлшерінің ұлғаюына байланысты өседі. Алдын ала есептеулер бойынша 2030 жылы төлемнің орташа мөлшері 339 мың теңгені, ал 2035 жылы – 519 мың теңгені құрайды.



«2024 жылғы 11 наурыздағы жағдай бойынша республика бойынша 1 156 төлем алушыға 244,9 млн теңге сомасына 2 661 төлем берілді. Оның ішінде Батыс Қазақстан облысы бойынша 10 алушыға 2,3 млн теңге сомасында төлем жүргізілді», – деді Светлана Жақыпова.



Сондай-ақ, Министр өткен жылдың соңында Үкіметтің қаулысымен 2030 жылға дейінгі қауіпсіз еңбек тұжырымдамасы бекітілгенін хабарлады.


Құжат тәуекелге бағдарланған тәсіл негізінде еңбекті қорғауды басқарудың ұлттық жүйесін жаңғыртуды, кәсіптік тәуекелдерді төмендету жөніндегі шараларды экономикалық ынталандыруды, еңбекті қорғау саласындағы кәсіптік құзыреттер мен ғылыми әлеуетті дамытуды, еңбекті қорғау саласындағы бақылау мен мониторингтің тиімділігін арттыруды көздейді.


Тұжырымдаманы іске асыру өндірістік жарақаттану деңгейін, еңбекті қорғау саласындағы бұзушылықтар санын азайтуға және еңбек жағдайлары зиянды және қауіпті жұмыс орындарының санын азайтуға ықпал ететін болады.


«Қазіргі уақытта Кәсіпорындардың цифрлық картасы құрылды, ол 2024 жылғы 1 шілдеден бастап нақты уақыт режимінде еңбек жағдайларына мониторинг жүргізуге мүмкіндік береді. Мониторинг үшін мәліметтерді мемлекеттік еңбек инспекторларымен қатар кәсіподақтар да енгізетін болады. Олар үшін кәсіпорындар картасында жеке жұмыс орны құрылады.


Барлық бизнес-процестер автоматтандырылады. Бұл жұмыс орнын бағалау, жеке қорғаныш құралдарын және басқа кепілдіктерді ұсыну, барлық деңгейдегі еңбекті қорғау туралы білімді тексеру. Осы шараларды қабылдау нәтижесінде өндірістік жарақаттану көрсеткіштері төмендейді деп күтілуде», – деді ЕХӘҚМ басшысы.


Кездесу соңында Светлана Жақыпова кәсіпорын қызметкерлерінің барлық сұрақтарына жауап берді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Еңбек жағдайы #Зиянды жұмыс #Әлеуметтік төлем
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Кеше 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);