AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Карикатура сөйлесін! / Еңбек адамының қолы алтын

Еңбек адамының қолы алтын

Карикатура сөйлесін! 23.12.2021, 11:42 2,298 Олжас ЖОЛДЫБАЙ
Еңбек адамының қолы алтын
Сурет: Іncrussia.ru

Еңбекқорлық табандылықтан тұрады


Халықта «Еңбектің наны тәтті» деп жатады. Бұған қатысты мысалдар, оқиғалар жетерлік. Соңғы уақытта осы тақырып жиі көтеріліп жүр. Онысы орынды. Тереңірек барғанда көшенің тазалығы, егіннің бітік болуы, ғылымның өрлеуі бәрі-бәрі еңбек адамының қолымен жасалады. Әсіресе, осы жылы бірқатар жандар тәуелсіздік мерекесі қарсаңында марапат иеленді. Бұл – еткен еңбектің жемісі.


Еңбек – өмір. Еңбек ете білу – өнер һәм өмір. Реті келген шаруаны атқара беруге болады. Бірақ, оның ара-жігін ажыратып, мақсатты жұмыс жасау екінші бір әңгіме саналады. Таңнан кешке дейін жер қазып, тас қырнап, ауыр көтеруге де қауқар керек. Десе де, өмір-бақи бұны қайталап, түк өндірмесеңіз, түбі құр далбаса болмақ. Бұнымен осындай шаруаны істеуге болмайды деуден қашықпыз. Дегенмен, әрбір адамның өз таңдауы болады.


Көбіміздің көз алдымызға осы сөзді айтқанда жоғарыдағы жұмыстар елестейді. Бірақ, ішінара ой еңбегі, қол еңбегі, қажыр-қайратты талап ететін істер, т.б деп бөлінетіні анық. Былай сараптап қарасаңыз, осылардың бәрін жүрдім-бардым атқарсақ, арғы жағы қалай болмақ? Кім нәтижелі тірлік қылмақ? Мейлінше осыған әркім өзінше талдау жасағаны абзал.


Нәтижелі іс. Әлгіден бері бірқатар ойларды қозғадық. Жік-жікке бөліп топтастырдық. Қысқаша талдадық. Ендігі талқы нәтижеге тіреледі. Жас күніңнен бастап бір мекемеде қызмет етсеңіз немесе кәсіп ашып, іс қылсаңыз, пайдасын көресіз. Сөзіміз жанды болу үшін әлемге танымал, жолы болған кәсіпкерлер Джеф Безос, Билл Гейтс, Марк Цукербергті айтуға болады. Бұл атақты жандар дүниенің қаржылық, ақпараттық, маркетингтік жүйесінің шыңын ұстап отырғандар. Осыларды танитын, істеріне еліктейтін, ұқсап баққысы келетіндер миллиондап саналады. Нағыз өз ісінің шеберлері десек, дөп меңзегендік болар еді.


Түйін. Американдық мемлекет қайраткері әрі дипломат, ғалым Бенджамин Франклин «Еңбек – бақыттың атасы» дейді. Тобықтай сөздің түп атасын осылай түйіндеуге болады. Арғы жағын әркім өзі пайымдайды демекпіз.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#еңбек #оқиға #мақсат #өрлеу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда 2029 жылға дейінгі «Digital Qazaqstan» Жалпыұлттық стратегиясы қабылданды

Кеше 19:12

Алматылықтар 36 литрден астам қан тапсырды

Кеше 18:39

Алматы түркі әлемін біріктіреді: Түркияның жастар делегациясы оңтүстік астанаға келді

Кеше 18:34

Алматы мәслихатының депутаттары 2025 жылғы бюджеттің атқарылуын қарап, 2026–2028 жылдарға арналған бюджетті нақтылауды қолдады

Кеше 18:30

Алматыда ірі инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалар жүзеге асырылып келеді

Кеше 17:57
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);