AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Еңбек адамы: Қала игілігіне 44 жылын арнаған алмат...

Еңбек адамы: Қала игілігіне 44 жылын арнаған алматылықтар «Құрмет» орденімен марапатталды

Алматы Бүгін 16:19 48
Еңбек адамы: Қала игілігіне 44 жылын арнаған алматылықтар «Құрмет» орденімен марапатталды
Primeminister.kz

Алматыда қоғамдық көлік саласының екі қызметкері мемлекеттік наградаға ие болды, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

«Алматыэлектротранс» ЖШС троллейбус жүргізушісі Тұрғынжан Аутов пен «Метрополитен» КМК жол монтері Айдарбек Ахтанбердиев «Құрмет» орденімен марапатталды. Екеуінің де еңбек өтілі – 44 жыл.

Айдарбек Ахтанбердиев еңбек жолын 1982 жылы автокөлік колоннасында жүргізуші болып бастаған. Кейін Шамалған астық өнімдері комбинатында слесарь және аға шебер болып жұмыс істеді. 1998 жылы Алматы теміржолының жол шаруашылығына ауысып, біліктілігін біртіндеп арттырды.

2011 жылдың қыркүйегінде Алматы метрополитеніне жұмысқа орналасты. Содан бері жол қызметінде еңбек етіп келеді. Қазір ол – алтыншы разрядты жол монтері.

Метро пойыздары күн сайын қауіпсіз жүруі үшін Айдарбек Ахтанбердиев әріптестерімен бірге рельс, шпал және бағыттамалы бұрмалардың жарамдылығын қадағалайды, қажет жерін жөндеп, тозған бөлшектерін ауыстырады. Мәселен, 2024 жылы ол «Алмалы – Абай» және «Абай – Байқоңыр» аралықтарындағы тоннельдерде жалпы ұзындығы 930 метр болатын рельстерді ауыстыру жұмысына қатысты. «Райымбек батыр» стансасы мен электр депосының жолдарында да жөндеу жүргізді.

Бұл еңбекті жолаушылар көп жағдайда байқамайды. Өйткені жол қызметкерлері пойыз қозғалысы тоқтаған соң, түнде жұмысқа кіріседі.

– Біз жолаушылар кеткеннен кейін, метро жабылып, электр қуаты ажыратылғанда жұмысымызды бастаймыз. Жолдарды тексеріп, ақауларды жөндейміз, сынған бөлшектерді ауыстырамыз. Таңертең пойыздар қалыпты жүруі үшін бәрін дайындап қоямыз. Біз үшін ең бастысы – жолаушылардың қауіпсіздігі, – дейді Айдарбек Ахтанбердиев.

2024 жылы оның есімі метрополитеннің Құрмет тақтасына енгізілді. 2025 жылы Республика күніне орай Алматы әкімінің алғыс хатын алды. Ал «Құрмет» орденіне оның кандидатурасын ұжымы ұсынған.

– Мемлекеттік награданың мен үшін орны бөлек. Қуаныштымын, еңбегімнің бағаланғанын мақтан тұтамын. Осынша жылғы жұмысымды елеп, құрмет көрсеткен Алматы әкімдігіне, кәсіподаққа және басшылыққа рақмет, – дейді ол.

Айдарбек Ахтанбердиев метро ашылған алғашқы күндерден бері осында еңбек етеді. Зейнетке шығуына екі-үш ай қалған. Ол осы уақытты да өз ісіне адал болып өткізгісі келеді.

– Қалған екі-үш айда да жұмысымды ықыласпен, сапалы атқарамын. Жастарға айтарым: көңілдеріне жақын мамандықты таңдап, жеңіл жол іздемей, адал еңбек етсін. Өз еңбегімен отбасын асыраған адамның жүзі қашан да жарық болады, – дейді еңбек ардагері.

«Құрмет» орденін алған екінші маман – троллейбус жүргізушісі Тұрғынжан Аутов. Ол 1986 жылы Алматы трамвай-троллейбус басқармасының жүргізушілер даярлайтын курсын бітіріп, №3 троллейбус паркіне жұмысқа қабылданған. Содан бері бір ұжымда қырық жылға жуық еңбек етіп келеді.

Тұрғынжан Аутов үшін бұл марапат – таңдаған кәсібіне адалдықтың, қала тұрғындарына жасаған ұзақ жылғы қызметінің бағалануы. Ол жұмысшы мамандық иелеріне көрсетілген құрмет үшін Алматы әкімдігі мен кәсіпорын басшылығына алғыс айтты.

Бірі күн сайын жолаушыларды діттеген жеріне жеткізсе, екіншісі метро жолдарының қауіпсіздігін қадағалайды. Тұрғынжан Аутов пен Айдарбек Ахтанбердиевтің еңбегін біріктіретін нәрсе – қала тіршілігіне қажет жұмысты ондаған жыл бойы жауапкершілікпен атқаруы.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Sadraddin-нің концертіне көрермендер қалай кіргізіледі

Бүгін 17:00

Алматыда болашақ аналарға арналған жаңа орталық ашылды

Бүгін 16:06

Еңбек күні: Тоқаевтың атынан түрлі кәсіп өкілдеріне мемлекеттік наградалар табыс етілді

Бүгін 15:48

«Таза Қазақстан»: Алматыда жалпықалалық сенбілік өтті

Бүгін 15:33

Almaty Marathon-да экологиялық аймақ жұмыс істейді

Бүгін 15:06
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);