AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы көшелері / Ең қысқа көше

Ең қысқа көше

Алматы көшелері 16.05.2025, 09:30 642 Элеонора Жаңабергенқызы
Ең қысқа көше
Қайрат Қоныспаев

АМАНГЕЛДІ КӨШЕСІ

Бұл көшеге 29.09.1936 жылы № 43 хаттамамен қазақтың қайсар ұлы, 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісі көсемдерінің бірі Амангелді Имановтың есімі берілген.

Шаһардағы қысқа көше Райымбек даңғылынан басталып, солтүстіктен оңтүстікке қарай Абай даңғылына дейінгі аралықта созылып жатыр. Алмалы ауданының аумағында орналасқан. Бұрынғы атауы - Киргизская көшесі. Ең қысқа көшенің ұзындығы - 2500 метр.

КӨТЕРІЛІС КӨСЕМІ

Амангелді Иманов (1873-1919) Торғай уезіндегі Қайдауыл болысында дүниеге келген. Торғай уезінің әскери комиссары болған.

Амангелдінің есімі қазақ халқының тарихындағы аса бір даңқты кезең – 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліспен тығыз байланысты. Империализм қайшылықтарының шегіне жете шиеленісуінің нағыз айғағы болған бұл көтеріліс патша өкіметінің отаршылдық саясатына қарсы бағытталып, халықтың бостандығын көздеді. Бұқара халықтың бұл қозғалысы қазақ жігіттерін майдандағы қара жұмысқа алу жөніндегі патша үкіметінің 1916 жылғы 25 маусымдағы жарлығынан кейін өрши түсті. Амангелді Қостанай, Ақтөбе, Ырғыз, Атбасар, Перовск т.б. қалаларға өз өкілдерін жіберіп, жұмысшы-шаруаларды патша өкіметіне қарсы күреске шақырды.

 

АМАНГЕЛДІ КӨШЕСІМЕН ҚИЫЛЫСАТЫН КӨШЕЛЕР:

Мақатаев,

Жібек жолы,

Гоголь,

Қазыбек би,

Төле би,

Қарасай батыр,

Қабанбай батыр,

Жамбыл,

Шевченко,

Құрманғазы.

 

АМАНГЕЛДІ КӨШЕСІНДЕГІ КӨРНЕКІ ОРЫНДАР:

Dar Gymnastics гимнастика мектебі

Жібек жолы сауда орталығы

№15 гимназия

Olive hotel қонақүйі

Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің қалалық емханасы

1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісі көсемдерінің бірі Амангелді Имановқа арналған мемориалды тақта

«Мұнайшы» бизнес орталығы

Домбырашы, Қазақстанның халық артисі Бақыт Тоқсанбайқызы Қарабалинаға арналған мемориалды тақта

«Алма» бизнес орталығы

Ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы (1994), Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген зоотехнигі Құсайынов Айып Қисаұлына арналған мемориалды тақта

Филолог ғалым Лениншіл Рүстемовке арналған мемориалды тақта

Орманшы-ғалым Э.О.Баум тұрған үй

Орманшы Э.О. Баумның үйі

Бұл үй әйгілі орманшы, табиғат жанашыры Эдуард Баумға (1850–1921) тиесілі болған.  Алматыдағы әйгілі Баум тоғайы да орманшының құрметіне аталған.

1927 жылы үй мен аула, сонымен қатар оған іргелес орналасқан бақ мемлекет меншігіне өтті. Уақыт өте келе қала қарқынды дами бастады да, бұрынғы Баум бағының орнына жаңа құрылыстар салынып, бақ толық жойылды. Қазіргі таңда бұл аумақ Сейфуллин даңғылы мен Қабанбай батыр, Амангелді және Жамбыл көшелерімен шектелген. Баумның тарихи үйі 1979 жылы жергілікті маңыздағы тарихи және мәдени ескерткіштер тізіміне енгізілді.

Даңқты мұнайшы, КСРО Құрметті мұнайшысы, Қазақ КСРнің Еңбек сіңірген ғылым мен техника қайраткері Сафи Өтебаевқа арналған мемориалды тақта

Hola-espanhola испан тілін үйрету студиясы

Кинорежиссер, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнер қайраткері Ефим Ефимович Аронға арналған мемориалды тақта

«Шартас» бизнес орталығы

«Өрлеу» кәсіби даму институты

Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығы

1950 жылы салынған Түрксіб ауруханасының ғимараты

 

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Амангелді Иманов #Көше
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда алдағы күндері ауа райы қандай болмақ?

Бүгін 10:31

Туған күнін тойламайтын Тоқаев

Бүгін 09:30

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);