Астанадағы Coventry University Kazakhstan алаңында классикалық шахматтан ерлер мен әйелдер арасындағы 2026 жылғы Қазақстан Республикасының чемпионаты өз мәресіне жетті, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі KAZINFORM -ға сілтеме жасап.
Ел біріншілігінде 15 жастағы астаналық шахматшы Сауат Нұрғалиев сенсациялық нәтиже көрсетіп, Қазақстан чемпионы атанды.
Жас спортшы 13 тур қорытындысы бойынша 5 жеңіс, 8 тең ойын көрсетіп, бірде-бір партияда жеңілмей, 9 ұпай жинады.
Нәтижесінде ол Қазақстан чемпионы атанып, осы жылдың ең үздік шахматшысы атағын иеленді.
Сондай-ақ ерлер арасындағы жарыста тағы бір елордалық шахматшы Жандос Ақманов 8,5 ұпаймен күміс жүлдеге қол жеткізді. Ал қола жүлде алматылық Рамазан Жалмахановтың еншісіне бұйырды.