AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Не? Қайда? Қашан? / Елордалық театр алматылық көрермендерге үздік қой...

Елордалық театр алматылық көрермендерге үздік қойылымдарын ұсынады

Не? Қайда? Қашан? 19.09.2024, 15:25 893 Bakyt
Елордалық  театр алматылық көрермендерге үздік қойылымдарын ұсынады
М.Горький ат. МАОДТ баспасөз қызметі

Қазақстанның ең көне театрларының бірі, Астана қаласындағы М.Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театры Алматы қаласына гастрольдік сапармен келеді.

24-28 қыркүйек аралығында оңтүстік мегаполис тұрғындары мен қонақтары елордалықтардың орындауындағы қойылымдарды тамашалай алады. Спектакльдер Ғ.Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрының сахнасында өтеді.

Бұл сапар барысында театр репертуарында А.Островскийдің "Гроза" драмасы, Н.Гогольдің "Женитьба" комедиясы, Э.Ростанның "Сирано де Бержерак" романтикалық драмасы, Кеңес Одағының батыры Әлия Молдағұловаға арналған "Әлия" драмасы және "Жизнь без…" сюрреалистік қойылымы бар. Алматы көрермендері үшін ең танымал әрі жоғары бағаға ие спектакльдер ұсынылады.

Сондай-ақ, балаларға арналған Т.Уфимцева қойған "Щелкунчик" ертегісі 25-28 қыркүйек аралығында көрсетіледі. Бұл ертегінің премьерасы жақында өткен болатын.

Алматыдағы соңғы гастрольдерден бері бес жыл өтті, сондықтан бұл сапар көрермендерге театр репертуарында болған жаңартуларды көрсетуге үлкен мүмкіндік болмақ.

Бұл гастрольдік сапарлар театрдың 124-ші маусымы қарсаңында өткізіліп, актерлер Алматының көрермендеріне жаңа әсер сыйлауды мақсат етіп отыр.

М.Горький атындағы театр 1899 жылы құрылған, бірнеше ондаған елдерге гастрольдік сапар жасап, халықаралық байқаулар мен фестивальдердің жеңімпазы атанған театр ұжымы ретінде танымал.

Қосымша ақпарат пен сұрақтар бойынша: Александра Кустовская: 8-701-620-04-08 Юлия Ким: 8-747-172-19-78

Телеграм арнаға жазылыңыз
#М.Горький #театр #спектакль
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Талдықорғанда «Biken Fest» IV халықаралық театр фестивалі өтеді

Бүгін 19:09

«Ән іздеген Асанқайғы»

Бүгін 19:08

Қытайдағы шахтада газ жарылып, 90 адам қаза тапты

Бүгін 17:28

Алматыда із-түзсіз жоғалған Ерзат Егізбайға қатысты тың дерек шықты

Бүгін 15:51

Қайрат Закирьянов жас футболшы Дастан Сатпаевқа арнайы академиялық грант табыстады

Бүгін 15:07
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);