AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Елордалық еріктілер елді сүйсінтті

Елордалық еріктілер елді сүйсінтті

Әлеумет 02.01.2024, 16:08 998
Елордалық еріктілер елді сүйсінтті
Gov.kz

Елордалық волонтерлер коммуналдық қызметкерлерге шай мен бауырсақ таратты


Соңғы күндері қардың толассыз жаууына байланысты қаладағы барлық ауданда коммуналдық қызмет күшейтілген режимде тәулік бойы жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.


Соған байланысты елордалық волонтерлер қар күреу жұмысына жұмылдырылған мамандарға ыстық шай мен бауырсақ таратты. Волонтерлер қаланың барлық аудандарында осындай іс-шара өткізіп жатыр.


«Бізге үнемі қолдау көрсететін волонтерлерге алғыс айтамын. Бүгін міне бәріміз қар күреп жатырмыз, жұмыс өте көп. Осындай жылу сыйлап жатқандарыңыз үшін көп рахмет», - деп жұмысшылардың бірі жастарға алғысын айтты.


Сонымен қатар Астана волонтерлері зейнеткерлер мен ерекше қажеттілігі бар азаматтардың үйінің маңын қардан тазартуға көмектесті. Мұндай акция қаладағы барлық 5 ауданда басталды. Қысқы маусым басталғанға дейін орталық мамандары аудандық әкімдіктерден көмек қажет азаматтардың тізімін алып, сол бойынша жұмыс істейді. Кейбір тұрғындар әлеуметтік желі арқылы волонтерлерден көмек сұрайды. Бүгін волонтерлер жеке тұрғын үй секторындағы бірқатар үйлердің ауласын қардан тазарты.


Волонтерлер қыс уақытында қар күреумен қатар, тұрақты түрде азық-түлік себеттерін тарату, отын жару және ауа райы қолайсыз кезде шай ұсыну сияқты көмек көрсетіп тұрады.


Волонтерлердің атуынша қайырымдылық акциясы қыстың соңына дейін жалғасады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#астана #ерікті #көмек
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматының төрт ауданында мереке күндері азық-түлік жәрмеңкесі жұмысын жалғастырады

Кеше 19:02

Қазақстандағы ерлердің саны қанша?

Кеше 18:04

Мемлекет басшысы Аустрияның Үкімет мүшелерін қабылдады

Кеше 17:24

Отан қорғаушы күніне орай саптық ән және жүріс байқауы өтті

Кеше 16:51

Әлемдік гимнастика аңызы Нелли Ким Алматыдағы жас спортшылар чемпионатына қатысты

Кеше 16:48
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);