Freedom
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Елордада рұқсат етілмеген полигондар үшін айыппұл...

Елордада рұқсат етілмеген полигондар үшін айыппұл 5 есе өсті

Әлеумет 24.04.2022, 13:00 1,108
Елордада рұқсат етілмеген полигондар үшін айыппұл 5 есе өсті
Cурет: Әкімдік

2020 жылы 220-дан астам учаске жойылған


Елордада рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерін жою бойынша күшейтілген жұмыстар жүргізілуде. Астана әкімдігінің Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы хабарлағандай тәртіп бұзушылар қыста қардың астына жасырып құрылыс қоқыстарын шығарады. Сонымен, тағы 12 учаске жойылып, 2 мың тоннаға жуық қоқыс шығарылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 
2021 жылы 330-дан астам рұқсат етілмеген қоқыс үйіндісі жойылып, 60 мың тоннадан астам қоқыс шығарылды, ал 2020 жылы 220-дан астам учаске жойылған болатын.



«Рұқсат етілмеген қоқыс үйінділері пайда болмас үшін өткен жылдың маусым айынан бастап экологиялық талаптарды бұзғаны үшін әкімшілік айыппұл мөлшері 5 есе өсті: жеке тұлғалар үшін 10 АЕК-тен 50 АЕК-ке дейін, шағын кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар үшін 20 АЕК-тен 100 АЕК-ке дейін, орта кәсіпкерлік субъектілері үшін 30 АЕК-тен 100%-ға дейін, ал ірі кәсіпкерлік субъектілері үшін 200%-ға дейін», – делінген әкімдік хабарламада.



2022 жылдың басынан бері 659 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 7 млн 400 мың теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.
Аудандық әкімдіктер, Экология департаменті, Табиғатты қорғау полициясы, «Ikomek 109» қызметі «Сергек» қалалық бейнебақылау камералары арқылы санкцияланбаған қоқыс үйінділерінің пайда болуына жол бермеу, тәртіп бұзғандарды жауапкершілікке тарту үшін күшейтілген жұмыс жүргізіп жатыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Елорда #полигон #Айыппұл
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы әкімі Жетісу ауданындағы көріктендіру жобаларымен танысып, бизнестің қатысуын күшейтуді тапсырды

Бүгін 18:47

Алматыда қала орталығындағы жазғы дәмхана сүрілді

Бүгін 17:55

Тұтынушылық кредит алушылар азайған

Бүгін 17:37

2025 жылы 1757 ресейлік Қазақстан азаматтығын алған

Бүгін 17:10

Алматы үйленуден көш бастап тұр

Бүгін 16:44
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика